Kyzylorda-news.kz. Атамекен балалар ауылында 20 қараша Дүниежүзілік балалар күніне орай «Бала құқығы-адам құқығы» Республикалық акциясы аясындағы онкүндіктің қорытынды шарасы «Құқық сабақтары - өмір сабақтары» тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. 

Дөңгелек үстелдің мақсаты – бала құқықтары жайлы баптардан түсінік беру, үлкенді сыйлауға, өмірге көзқарастарын тың мәліметтермен толықтыру, адамгершілік ізгі қасиеттер мен адалдық пен мейірімділікке баулу арқылы құқықтық тәрбие беру.

Дөңгелек үстелдің құрметті қонақтары Қызылорда қалалық прокуратурасының бөлім прокуроры, Қызылорда облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының жетекші маманы, Қызылорда облысының Әділет департаментінің бас маманы, Қызылорда қалалық полиция басқармасының ювеналды полиция бөлімшесінің инспекторлары, Қызылорда Жастар Денсаулық Орталығының заңгері мен психологы, Облыстық Жастар Ресурстық Орталығының психолог мамандары бала құқықтары туралы Конвенция жайлы, балалар құқықтары мен міндеттері, балалардың өмірін, денсаулығын, құқығын қорғау, құқықтық сауаттылық жайлы баяндамаларын оқып, балалармен ашық сұхбат өтті.

«Қол соғыңыздар, егерде …» сергіту сәтімен басталған іс-шараны балалар құқық жайлы көрініс қою және жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылық туралы видеоролик көру, сала мамандарымен жағдаят сұрақтарына топпен бірге талқылау арқылы мәселелерді шешу жолдарын қарастырып, балалардың толғандырып жүрген сұрақтарына жауап берді.Келген қонақтар да, балалар да кездесуден үлкен ақпарат пен жағымды әсер алды.

 

316043861_854145312378947_3408655976570774734_n.jpg

315971412_854144849045660_1804675347828787830_n.jpg

Тағы да оқыңыз: