Kyzylorda-news.kz «AMANAT» партиясының қалалық филиалының «Халық» бастауыш партия ұйымына қарасты «Атамекен» балалар ауылында 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік іс шара өтті.
Отбасылық үлгісіндегі балалар ауылы жетім және ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға сапалы біліммен қатар саналы тәрбие беруге бағытталған мекеме. Бүгінде қалашықта 3 пен 18 жас аралығындағы 54 бала тәрбиеленуде. Сонымен қатар мұнда түрлі ұлт өкілдерінің балалары да мекен етеді. Олар орыс тілімен қатар қазақ тілін де жетік меңгерген.
Шара барысында тәрбиеленушілерге профориентолог Сағынова Жазира «Жаңа әлемдегі жаңа мамандықтар» тақырыбы туралы айтып берді. сондай-ақ 8-11 сынып оқушыларына осы бағытта тренинг ұйымдастарды. Ал «Болашақ» бағдарламасының түлегі, магистр Ердібек Маржан шетелде білім алу бойынша кәсіби кеңес берді.
Кеш қонақтары оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, пікір алмасты. Сондай-ақ профориентолог Сағынова Жазира мамандық таңдау бойынша кеңес қажет ететін оқушымен тегін жеке жұмыс жасайтынын жеткізді.
Бұдан бөлек шара барысында тәрбиеленушілер әннен шашу шашып, мың бұрала билеп, көпшілікке көтеріңкі көңіл күй сыйлады.
