Kyzylorda-news.kz Танымал актер, шоумен Нұрсұлтан Жақсыген не себепті ажырасқанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесі журналист Анна Данченкоға сұхбат беріп, әйелінің ата-анасына жала жапқанын айтты.

“Менің әке-шешем – зейнеткер. Сондықтан менің әйелімнен ақша сұрайтын ниеті де, пейілі де жоқ. Ол өзін ақтап алу мақсатында айтып жатқан шығар. Оның айлығы бізге не керек, мен өзім жұмыс істейтін болсам. Маған ол жұмыс істемесе де бәрібір. Мен өзімнің аманатым екенін, менің жауапкершілігім мен қамқорлығымда екенін де сезінемін, білемін, түсінемін. Әйелім үйде отырып қалмасын, ойы бөлінсін, адамдармен аралассын деген оймен, "жарайды, жұмыс істегің келсе, жұмыс істе" дедік қой. Бірақ жұмыстың да шекарасы болуы керек, ол сақталмады", – дейді актер.

Фото: Stan.kz

Тағы да оқыңыз: