Асыраушысынан айырылған отбасы жәрдемақы алу үшін қандай құжаттар дайындайды? – Kyzylorda News
Басты бет

Асыраушысынан айырылған отбасы жәрдемақы алу үшін қандай құжаттар дайындайды?

03.02.2020, 10:20

698 0

Kyzylorda-news.kz. Асыраушысынан айрылу жағдайы бойынша жәрдемақы алуға, асыраушысы қайтыс болған отбасының еңбекке жарамсыз, оның асырауында болған мүшелерiнiң құқығы бар. Бұл ретте отбасының барлық мүшелерiне ортақ бiр жәрдемақы тағайындалады.

Қайтыс болған адам бұрын істеген болса, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорында аударымы болса, жәрдемақы сол қор арқылы тағайындалады.

Жәрдемақы құжаттарын ХҚО арқылы рәсімдеу үшін төмендегі құжаттар топтамасы қажет:
• Жеке куәлік;
• Есепшот;
• Қайтыс болу туралы куәлік немесе сот шешімі (хабар-ошарсыз кеткені туралы);
• Неке куәлігі;
• Балалардың туу туралы куәлігі;
• 4-қосымшаға сәйкес балаларға оқу орнынан анықтама (арнаулы, жоғары оқу орындарында күндізгі бөлімде оқыса).
Ұсынылған құжаттардағы мәліметтер жеке куәліктермен сәйкес келу керек.
Құжат тапсырушы қолындағы құжаттардың дұрыстығына мән берген жөн. 

0

Пікір қалдыру