Kyzylorda-news.kz. Бүгінде Қызылордада құрылыс қарқынды жүруде. Біраз нысандар бой көтеруде, оған қоса газдандыру да қолға алынуда. Аймақ басшысы Нұрлыбек Нәлібаевтың тапсырмасымен облыс әкімінің бірінші орынбасары Серік Қожаниязов пен қала әкімі Асылбек Шәменов шаһарда салынып жатқан бірқатар құрылыс нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты.

Ақсуат ауылы газбен толық қамтылады 

Нысандарды аралау барысында жауапты тұлғалар мен мердігерлерге әрбір жобаны жүзеге асыруда мұқият болу қажеттiгiн ескертті. Алдымен облыс әкімінің бірінші орынбасары қалаға қарасты Ақсуат ауылдық округін газдандыру барысын аралап, ондағы атқарылып жатқан жұмыстарды көрді. 

Дәл осы кезде 4500-ге жуық тұрғыны бар ауылға газ құбыры толық жүргізілген. 500-ге жуық үй осы көктемде көгілдір отынға қосылады деп жоспарлануда. Алдағы күздегі жылу беру маусымында ауыл тұрғындары газ игілігін көреді деуге толық негіз бар. Сонымен қатар Серік Салауатұлы Сырдария өзенінің сол жағалауындағы автономды блок модульді қазандығының жұмыс барысын көріп шықты. Бұл жылу беру орталығы дарияның сол жағалауындағы барлық үйге газ беруге қауқарлы. Ипотекалық тұрғын үй беріледі Бұған қоса облыс әкімінің бірінші орынбасары сол жағалаудағы 10 ипотекалық тұрғын үйдің құрылысын көріп, ең бастысы сапасына мән беруді тапсырды. 

Бұл жоба – жалпы ауданы 29907,2 шаршы метр болатын 470 пәтерлі тұрғын үй құрылысы. Ол да осы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Әрi қарай Серік Қожаниязов «Евразия» мәдениспорт кешеніндегі қайта жөндеу жұмыстарымен танысып, сапаның басты назарда болуы керектігін айтты. Облыс әкімінің бiрiншi орынбасары мекемелер мен жауапты тұлғаларға қыс мезгілінде құрылыс сапасына мән беруді, жұмысшылар жалақысын уақытылы төлеуді және нысандардағы жұмысты мерзiмiнде аяқтауды тапсырды.

Тағы да оқыңыз: