Kyzylorda-news.kz. Үш жылдан астам уақыттан бері өңірімізде «Болат Өтемұратов жеке қоры» «Асыл Мирас» аутизм орталығы, аутистік спектрі бұзылған балаларға ақысыз негізде қызмет көмек көрсетуде.

Орталықта аутистік спектрдің бұзылуын (АСБ) анықтаудың өзіндік «ADOS-2» диагностикалық әдістемесі бар. Қажет болған жағдайда түзету көмегіне арналған түрлі бағдарламалармен жұмыс жасайды. Орталықтың әр маманы күнделікті балалардың үлгерімін есепке алып, бақылап отырады. Диагностикадан өту үшін анықтама немесе жолдама қажет емес, кез келген ата-ана Орталықтың көмегіне жүгіне алады.

Еске сала кетейік, бұған дейін «Өздерінің бөлек әлемі бар»: Аутизм дертіне шалдыққан қызылордалық балалардың өмірі туралы не білеміз?» атты мақаламызда аутизм құбылысы және «Асыл мирас» орталығы туралы жазған болатынбыз.

«Асыл Мирас» аутизм орталығының мекен-жайы: Күләш Байсейітова көшесі, 113а.

Байланыс: +7 771 993 4194, 8(7242) 26 – 44 – 88

Тағы да оқыңыз: