Kyzylorda-news.kz. Жаңақорған аудандық төтенше жағдайлар бөлімі тарапынан аудан көлеміндегі ауыл шаруашылығы ұйымдарымен астық және мал азығын жинау маусымындағы өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында кешенді іс-шаралар ұйымдастырылды. Шаруа қожалықтардың жұмысшыларымен «Егін алқаптарындағы, астық және мал азығын жинау кезіндегі және оны тасымалдау кезіндегі өрт қауіпсіздік талаптарын сақтайық» тақырыбында егістік алқаптарымен астық жинау орындарында жұмыс жасап жүрген жұмысшыларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Осы борайда бөлім мамандары астық жинау және жем-шөп дайындау кезінде өрт қауіпсіздігі қағидасын сақтауға шақырады.

Бүгінгі күні жем-шөп жинау мен егін оружәне күрделі жемшөп дайындау бойынша жұмыстар ауыл шаруашылығында қызу жүріп жатыр. Егін жинау, малға күрделі жем-шөп дайындау үшін, тек ауыл тұрғындары емес, сонымен бірге көптеген адамдар жаз бен күз мезгілдерінде қол үзбей жұмыс жасайды. Ұзақ уақыт атқарған жұмыстың нәтижесі санаулы минуттарда өрт қауіпсізігі ереже талаптарын сақтамау салдарынан өртеніп, жойылып кетуі мүмкін.

Егін мен шөпті ору, тасмалдау кезіндегі орын алатын өрттердің себептері шөп оратын, шөп жинайтын арнайы техникалар, тракторлар мен автокөліктерге жанармай құю ережелерінің бұзылуынан, оталдыру жүйесінде, агрегаттарының пайдаланылған кернейіндегі жарамды ұшқын сөндіргіштің болмауы, агрегаттарда жиналып қалған астық сабақтарының үйкелуінен, азаматтарды белгіленбеген орындарда темекі шегуі, шөпті автокөлікке шамадан тыс артудың салдарынан болады.
Сонымен қатар, егіс алқаптарындағы сабан, құрғақ шөптерді өртеу кезіндегі қауіпсіздік талаптарын сақтамау салдарынан ірі көлемді өрт оқиғалары орын алуда.

Бөлім мамандары тұрғындар мен шаруа қожалық иелерінен шөп ору және шөптерді жинау кезінде төмендегі өрт қауіпсіздігі ержелерді мұқият сақтауды сұрайды.

Тұрғын үй учаскелерінде шөптерді жинау ғимаратқа және аула алдындағы құрылыстарға дейін кемінде 15 метр қашықтықта орналасуы қажет.

Тыйым салынады:

1) шөпті қоралардың шатырларына және басқа шаруашылық құрылыстарына жинауға;

2) электр жеткізу желілерінің астына жинауға;

3) учаскенің сыртқы қоршауынан кемінде 3 метр қашықтықта жинауға;

4) ірі жем-шөптерді тасымалдау түтін шығатын құбырлары радиатордың астынан шығарылған, ұшқын өшіргіштермен және қосымша екі ұнтақты өрт сөндіргішпен жабдықталған арнайы көлік құралдарында жүзеге асырылады.

5) ірі жем-шөптерді жинау биіктігі жер деңгейінен 4 метрден аспайтындай етіп жиналады.

«Құрметті тұрғындар! Отты пайдалануда ойланбай істейтін әрекеттерге жол бермеңіздер! Егер Сіз, өрт немесе жану оқиғасын байқасаңыз, немқұрайлық танытпай, тез арада өрт сөндіру бөліміне «101», «112» телефон нөмірі арқылы хабарлаңыз», – деп мәлімдеді Жаңақорған аудандық төтенше жағдайлар бөлімі.

Тағы да оқыңыз: