Kyzylorda-news.kz  Астанадағы автобус апатынан зардап шеккен жеті жастағы қыздың отбасына төрт бөлмелі пәтер берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, Астана қаласының әкімдігі жеке демеушімен бірлесіп, отбасыға елордадағы жаңа тұрғын үй кешенінен төрт бөлмелі пәтердің сертификатын табыстады.

“Тұрғын үй кешені биыл қазан айында пайдалануға беріледі. Бұдан бөлек, құрылыс компаниясы пәтерді жөндеу және жабдықтау жұмысына да көмек көрсететін болады. Осыған дейін зардап шеккен отбасыға көрсетілетін өзге де қолдау шаралары туралы хабарланған болатын”, – деп мәлімдеді Астана қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі. 

Фото: gov.kz

Тағы да оқыңыз: