Kyzylorda-news.kz Астана күніне байланысты қазақстандықтардың неше күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Астана күні жыл сайын 6 шілдеде аталып өтеді. Бұл күн елорданың Алматыдан Астанаға көшірілген тарихи дата.

Биыл 6 шілде жексенбі күніне түсіп тұр. Еңбек заңнамасына сәйкес, мерекелік күн демалыс күнімен сәйкес келген жағдайда, ол келесі жұмыс күніне ауыстырылады. Сондықтан 7 шілде, дүйсенбі – демалыс күні болып бекітіледі.

Осылайша, бес күндік жұмыс кестесімен жұмыс істейтін азаматтар 5, 6 және 7 шілде күндері қатарынан үш күн демалады.

Демалыс күндерінің кестесі:

  • Бес күндік жұмыс аптасы: 5, 6 және 7 шілде - демалыс.
  • Алты күндік жұмыс аптасы: 6 және 7 шілде - демалыс, 5 шілде - жұмыс күні.

Соған сәйкес, шілде айында:

  • Бес күндік жұмыс кестесінде істейтін азаматтар 9 күн демалады: 5, 6, 7, 12, 13, 19, 20, 26 және 27 шілде.
  • Алты күндік жұмыс кестесіндегі азаматтар 5 күн демалады: 6, 7, 13, 20 және 27 шілде.

Фото: depositphotos.com

Тағы да оқыңыз: