Kyzylorda-news.kz. Таңертеңнен дорбасын арқалаған көпшілік Тереңөзек кентіндегі Азатбақыт Әлиакбаров көшесіне ағылған болатын. Себебі, жылдағы дәстүр бойынша азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкесі басталған болатын. Аудан тұрғындары мен қонақтарына арналған жәрмеңке әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағаларын тұрақтандыру мақсатында ұйымдастырылды.

Бұған дейін  аудан орталығында «Байқоңыр» ӘКК» АҚ-мен жергілікті тауар өндірушілердің қатысуымен жүзеге асырылған жәрмеңке ұйымдастырылып келді Бұл жолы аудан әкімдігінің ықпадымен жүзеге. Ала жаздай тынбай еңбек еткен шаруалар азық-түлік өнімдерін аудан хал-қына нарық бағасынан төмен бағада ұсынды. Бүгінде ауыл шаруашылығы өнімдеріне тұрғындар тарапынан едәуір сұраныс артқан.

Кеше Тереңөзек кенті теміржол вокзалы алдында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Астана күніне орай әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының және жергілікті тауар өндірушілердің жәрмеңкесі өткізілді.

Тереңөзек кентіндегі жергілікті халықтың басым көпшілігі шоғырланған жәрмеңке барысында ауыл шаруашылығы өнімдері сатылды. Анығын айтқанда, нарық бағасынан төмен пайызбен әлеуметтік маңызы бар тауарлар жұртшылыққа ұсынылды. Мұнда Сыр өңірінің басты өнімі картоп, пияз, күнбағыс майы, қияр, қызанақ секілді бірнеше тауар әкелінді. Нарық бағасынан 15-20 пайыз арзан бағада сатылған өнімді алған жұртшылық тұрмыстық қажеттілікті өтейтін азық-түлік қорын жасақтай алды. Жәрмеңкеге барлығы 14 автокөлікпен 27 тонна ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді. Өз кезегінде жәрмеңкенің өту барысы жайында жергілікті тұрғынның пікірін білген едік.

– Қазіргі уақытта азық-түлік бағасы біршама көтерілгенін байқаймыз. Қарапайым отбасында жан басы көп болғандықтан кез келген тамақтың шақ келмейтіні анық. Халық қалтасын жұқартпау үшін арзан бағада жәрмеңке ұйымдастыру маңызды рөл ойнайды. Бір жағынан жәрмеңке – азық-түлік тапшылығын болдырмаудың бірден-бір жолы. Жәрмеңке барысында сапалы, уақытылы піскен жергілікті өнімдерді кезіктірдік. Қажетімізге жарайтын азық-түлікті сатып алдық. Сауда жасауға келген халықтың қарасы қалың боғаны жасырын емес. Әркім өзіне керекті тауарды алды деп ойлаймын, – дейді кент тұрғыны.
 

Тағы да оқыңыз: