Kyzylorda-news.kz Қызылорда облысында Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай маңызды шаралар пысықталды.

Облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Баймановтың жетекшілігімен Ассамблеяның мерейтойын атап өту және 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнін тойлау жұмыстары талқыланды.

Кездесуге облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, қоғамдық даму басқармасының басшысы Руслан Каюпов және «Қоғамдық келісім» КММ директоры Бақытжан Камалов қатысты.

Бақытжан Камалов Ассамблеяның 30 жылдығына арналған түрлі іс-шаралар туралы баяндама жасап, жыл бойы өтетін мерейлі даталар мен ауқымды шаралар жайлы мағлұмат берді. Сонымен қатар, облыстың Қазақстан халқы Ассамблеясының ардагері Асылбек Жұмабаев, еліміздің бірлігі мен Ассамблея институтының қызметі туралы өз пікірін білдіріп, өткен 30 жылдағы жетістіктерге тоқталды.

Этномәдени бірлестіктердің төрағалары да мерейтойлық шараларды бірлесіп, жоғары деңгейде атап өтудің тиімді жолдары туралы ұсыныстарын жеткізді.

Облыс әкімінің орынбасары Шахмардан Байманов барлық іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу үшін басқарманың әзірлеген жоспарларын жүзеге асырып, республикалық деңгейдегі шараларға дайындықты алдын ала пысықтауды тапсырды.

Фото: Ассамблея Қызылорда

Тағы да оқыңыз: