Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен өңірдегі этномәдени бірлестіктердің өкілдері сайлау учаскілеріне «Көңілді автобуспен» келді.
Олар татулық шаңырағы - Достық үйінің алдында әсем ән айтып, бірлесіп бірнеше өздеріне белгіленген сайлау учаскісіне барып, кезек-кезек дауыс берді. Учаскілерде дауыс берушілерді жылы қарсы алды. Қазақтың ұлттық тағамы бауырсақтан дәм татқызып, қазақ халқының әндерін бірге шырқады.
«Еліміздің жарқын болашағы үшін сайлауға қатысып, дұрыс таңдау жасауымыз маңызды. Балаларымыз бейбіт елде, бақытты ғұмыр кешкенін қалаймыз. Демалыс күні болғанына қарамастан қала тұрғындарының белсенділігі жоғары. Біз өз таңдауымызды жасадық» деді этномәдени бірлестіктің жетекшілері мен белсенді өкілдері.




