Kyzylorda-news.kz. Бүгін Жалағаш ауданының әкімі Асқарбек Есжанов Жалағаш ауданы, «Таң» ауылдық округі, «АгроЛидер Таң» ЖШС-нің ет өңдеу цехының жұмысымен танысты. Отандық өнім өндіруді қолға алған нысанның бүгінде шаруасы ширақ.
Сондай-ақ аудан әкімі Таң ауылы, «Таң ЛТД» ЖШС-ның күріш ақтау зауытымен танысты. Күріш ақтау цехы 2018 жылы іске қосылды. Цех қазіргі таңда тәулігіне 100 тонна күріш салысын ақтайды. Цехта 15 адам тұрақты жұмыс жасайды.
Кәсіптік нысандардың тынысына қанық болған аудан әкімі президентіміздің жолдауына сәйкес елдегі су тапшылығын ескере отырып, күріштен бөлек қосымша өндірістік кәсіпорындарын арттыру қажет екендігін айтты.
Қазірдің өзінде ауданда «Құрманбай-Ата» алмасы, Жаңадария қауыны, Қаракеткен тұшпарасы т.б өз брендін қалыптастырған жергілікті өнімдер халық сұранысына ие.
