Kyzylorda-news.kz. Ел Президенті Қ.Тоқаевтың биылғы жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында жаңа талаптар қойылған саланың бірі – құқыққорғау органдары. Соның ішінде Экономикалық тергеу қызметін көлеңкелі экономикамен күреске қайта бағыттауға тапсырма берді.
Экономикаға залал келтіретін қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың себебін анықтау және жүйелі алдын алу жұмыстары өте маңызды. Сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен мүдделерінің сақталуы үшін жыл сайын жаңа қадамдар жасалады.
Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінде жауап алу процесінің айқындығы мен ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында арнайы тергеу кабинеттері шыны қабырғалармен, әрбір тергеушінің жұмыс кабинеті күту залындағы мониторда көрсететін бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Күту бөлмесінде отырған жауап алынатын тұлғалардың мүдделестері, яғни туыс-жақындары тергеу процесін бақылай алады.


