Kyzylorda-news.kz. ІТ-мектептерінде оқу үшін жастарға оқу ваучерлері бөлінеді. Бұл туралы Мемлекет басшысының Жолдауында берілген тапсырмаларды орындауға арналған Үкімет отырысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Бағдарламалау дағдыларын дамыту бойынша, «Цифрлық білім» жобасының аясында ІТ-мектептерінде оқу үшін жастарға оқу ваучерлері бөлінеді. Ол үшін заңнамалық негіз дайындалды. «Цифрлық мұғалім» жобасы аясында әлеуметтік осал отбасылардан шыққан балаларға қосымша онлайн-сабақтар алу мүмкіндігі ұсынылады. Тиісті заңнамалық түзетулер әзірленді. Бұл бастама осы балалардың білім сапасының біршама көтерілуіне үлкен септігін тигізетіні сөзсіз», – деді А. Аймағамбетов.

Оның айтуынша, барлық білім беру ұйымдарында бірыңғай білім беру ақпараттық жүйесі қолжетімді болады. Білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін авторизацияның бірыңғай терезесі, сабақты жоспарлау мен құрудан бастап, үй тапсырмасын орындауға дейінгі барлық кезеңдерді қамтиды.

Тағы да оқыңыз: