Kyzylorda-news.kz. Алтын Орданың 750 жылдығы аясында Қызылорда облысындағы Асанас қалашығында кешенді археологиялық қазба жұмыстары басталды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Асанас қалашығы – Алтын Орда дәуірінің эталонды ескерткіштерінің бірі. Сондықтан археологиялық зерттеу жұмыстары бірнеше жыл жалғасады. «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында қалашық – өңірлік қасиетті нысандар тізбесіне енгізіліген жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіш. Ол Қызылорда қаласынан оңтүстік шығысқа қарай 48 шақырым, ал Сырдария ауданына қарасты Айдарлы ауылынан оңтүстік-батысқа қарай 8 шақырым қашықтықта орналасқан. Қазба нәтижесімен аршылған маңызды нысандар консервацияланып, табылған жәдігерлер облыс музейлерінің қорларына өткізіледі. Ғалымжан Садықов,
“1899 жылы орыс ғалымы Каллаур бұл қаланы ашқаннан кейін, Кеңес Үкіметінің тұсында Хорезм археологиялық экспедициясы ішінара зерттеу жүргізген. Енді биылғы жылы қазба жұмыстары алғаш рет зерттелгендіктен, ең алдымен қалашықтың аумағындағы ескерткіштерге, оның ирригациялық жүйесіне барлау жұмыстары жүргізіліп, топографиялық түсірілімі дайындалды. Қазіргі уақытта қалашықтың қорғаныс қабырғалары мен қақпасының құрылымын және тұрғынжайларға қазба жұмыстары жүргізілуде”, – облыстық тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау мекемесінің бөлім басшысы Ғалымжан Садықов.