Kyzylorda-news.kz  Облыстық дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасының басшысы Бахтияр Ғарифоллаұлы басқармадағы нәзік жандыларды 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күнімен құттықтап, арнайы алғыс хат пен сыйлықтар табыстады.

Басқарма басшысы өз сөзінде спорт және туризм саласын дамытуда ару қыздардың қажырлы еңбегі мен жемісті жұмысына өз ризашылығын білдіріп, ізгі тілегін арнады. Сондай-ақ, алдағы уақытта да нәтижелі еңбек ететіндеріне сенім білдірді.

Мереке құтты болсын, құрметті арулар!

Фото: Қызылорда облысының дене шынықтыру, спорт және туризм басқармасы

Тағы да оқыңыз: