Арнаулы әскери жиындарға әйелдер де шақыртылады – Kyzylorda News
Басты бет

Арнаулы әскери жиындарға әйелдер де шақыртылады

10.04.2020, 17:20

769 1

Kyzylorda-news.kz. ҚР Қарулы Күштері Бас штабы басшысының орынбасары Серік Боранбаев арнаулы әскери жиынға әйелдер қатыса ала ма деген сұраққа жауап берді.

«Бұл жағдайда алда тұрған міндеттерге байланысты әкімдіктер өздері шешім қабылдайды. Менің ойымша, мұнда еш шектеу жоқ. Әкімдіктерге айрықша құзірет пен шешім қабылдау құқығы берілген. Егер сәйкес мамандықтар бойынша қыздар қажет болса, шақыру жібере алады. Яғни, арнаулы әскери жиындарға қажеттілігіне қарай әйелдер де шақыртылады», – деді спикер Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте.

Оның айтуынша, республика бойынша 473 әскери міндетті арнаулы жиынға шақырылған.

Айта кетейік, 2 сәуір күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев әскери міндеттілерді арнаулы жиынға шақыру туралы Жарлық шығарған еді.

Қазіргі уақытта Қызылорда облысында арнаулы жиын бөлімшесі құрылды.