Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысының әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтің тікелей тапсырмасына сәйкес, қыс-көктем мезгілдеріндегі дарияда мол су өту кезеңінен кейінгі «Сырдария» өзені бойындағы қорғаныс бөгеттерінің қазіргі жағдайымен танысу мақсатында құрылған облыстық жұмысшы тобы арнайы Сырдария ауданына барған болатын.
Жұмысшы топ өкілдері Сырдария ауданына іс-сапары барысында алдағы уақытта күшейту және нығайту жұмыстарын қажет ететін «Шегіртке», «Мақтұмсейіт» және «Аласиыр» учаскескелеріндегі қорғаныс бөгеттерінің жағдайымен танысты.
Сыр өңірін жағалай орналасқан «Сырдария» өзені қыс-көктем мезгілінде тосын әрекеттерге баратыны белгілі. Төтенше жағдай орын алмау үшін сақтық іс-шарасын күшейтуге барымызды салуымыз керек. Орасан шығынға ұшырамастан бұрын апаттың алдын алуға мүдделеміз. Оқу-жаттығу барысында арнайы учаскелердің бөгеттерінің қорғанысын күшейткен дұрыс. Алдағы уақытта бірлесіп жұмыс жасау арқылы дарияның ернеуінен аспауын мұқият қадалағанымыз жақсы. Қайткенмен, жергілікті тұрғындардың амандығы – басты назарымызда болады, – деді жұмысшы топ өкілдері.
Аталған зерделеу жұмысы барысында туындаған мәселелер талқыланып, сала мамандарының ұсыныстары тыңдалды.
