Kyzylorda-news.kz Қала әкімінің орынбасары Дархан Тұрсынбаевтың төрағалығымен «Отбасының цифрлық картасы» автоматтандырылған ақпараттық жүйесіндегі D, Е санатындағы отбасыларды қолайлы санаттарға ауыстыру мәселесі жөніндегі арнайы топтың кезекті отырысы өтті.

Жиында 2-6 жас аралығында мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын немесе тіркелмеген балалар, 6-18 жас аралығында орта мектепке бармайтындар немесе өзектендірілмеген оқушылар, NEET санатындағы жастар, МӘМС жүйесімен қамтылмағандар, қорларға аударымдары жоқ жеке кәсіпкерлер, шаруа қожалықтары, құжаттары жарамсыздар мен тұрғылықты мекенжайы бойынша тұрмайтын азаматтарға қатысты өзектендендіру жұмыстары бойынша атқарылып жатқан шаралар талқыланды.

Арнайы топ төрағасы Дархан Есалыұлы D, Е санатындағы отбасыларды қолайлы санаттарға ауыстыру жөнінде салаға жауапты құзырлы мекеме басшыларына нақты тапсырмалар беріп, орындалуы қатаң бақылауда болатындығын жеткізді.

Фото: Қызылорда қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Тағы да оқыңыз: