Kyzylorda-news.kz Әрбір адам өзінің тарихынан хабардар болуы тиіс. Ал архив осы өткеніміздің куәсін бізге жинақтап ұсынушы мекеме. Ол тек тарихи шежіре қоймасы ғана емес, сонымен қатар әрбір ұлт тарихының олардың арман-тілегін, ақыл-ойын, даналығы мен парасатын, үлгі-өнеге өсиеттерін сақтап отыратын киелі орын.
Халық пен ел арасындағы құнды жазба деректерді жинастырып сақтау ісінне мемлекеттік деңгейде мән беріліп келеді. Қазір де архивтерде сақталатын деректер мемлекеттің ішкі-сырттық жағдайы, саяси идеологиялық қатынастары туралы ұлттық байлықтың бір бөлігі ретінде сақталады. Біздің ауданда да архив ісі жақсы жолға қойылып, жұмысы жүйелі жүргізілуде.
Биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында архив ісін жүргізу және басқаруда Президенттің Қазақстан халқына арнаған «Қазақстан – 2030» стратегиялық даму бағдарламасына және «Ұлттық архив қоры және архивтер туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің нормативтік-құқықтық актілеріне, Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының іс-шаралар жоспарына сай жұмыстар атқарылған.
Архив жүйесінде мемлекеттік саясатты қалыптастыру және архив ісін жетілдіру бағытындағы қызметтерді жүзеге асыруда мекемелер жүйесіндегі үкіметтің өкілетті және атқарушы органдарымен, мәдениет, білім мекемелерімен, қоғамдық және басқа да ұйымдармен іскерлік қатынастарды орнатудағы өзара қарым-қатынастарды нығайту жұмыстары өз жалғасын табуда.
Архив ісінің дамуы, Ұлттық архив құжаттарының сақталуын қамтамасыз етумен қатар, архив қорының маңызды құндылықтармен толықтырылуы және олардың кең көлемде қолданысқа еніп жариялануы архивистердің негізгі назарында.
Халықаралық әйелдер мерекесіне орай «Аналармен әлеміміз әдемі!» атты мерекелік кездесу өткізілді. Оған «Алтын Алқа» иегерлері Бақыткүл Әбілханқызы мен Ақкенже Маңғыбайқызы қатысып, архив қызметкерлері тарапынан мерекелік сый-сияпат көрсетілген.
Ұлттық архив қорларында сақтауға алынған құжаттардың физикалық жай-күйін жақсартуда қағаз негізіндегі құжаттар 700 құжат тігіліп, түптеліп, 1037-сінің мұқабасы шифровкаланды.
№25, 28-ші қорлардың 100 ісінің 604 парақтарына қайта жөндеу жұмыстары жүргізілді. 800 жазба қағаздары жасалып, ілінді. Құжаттардың 32 ісінен мәтіні өшуге айналған 162 парақ қалпына келтірілді. Қордағы құжаттардың 264 байламының 2077 ісіне шаң-тозаңнан тазарту жұмыстары жүргізіліп, құжаттар ығыстырылып орналастырылды. 1541 сақтау бірлігінің жай-күйі тексеріліп, тексеру қорытындысы туралы 1 акт толтырылды. Архив қызметкерлеріне және зерттеушілерге қор сақтау қоймасынан 1791 құжат беріліп, берілген барлық құжат қайта орнына қойылды.
– Қаңтар айында «Қармақшы аудандық ветеринариялық станциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны, «Қармақшы аудандық мәслихаты» ММ, «№16 Қармақшы ауданының балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Қармақшы аудандық жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мамандарына «Құжаттардың құндылығына сараптама жүргізу және мемлекеттік архивке сақтауға тапсыру тәртібі», 17 сәуір күні «Ақжар ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Жаңажол ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «III Интернационал ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Қармақшы аудандық экономика және қаржы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, «Қармақшы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі мамандарына «Е-Архив» ақпараттық жүйесіндегі «Істер номенклатурасы бөлімімен жұмыс жүргізу тәртібі» тақырыбында 2 семинар кеңес өткізілді. Архив мекемесінде 41 әдістемелік кеңес беріліп, 26 байқау ісімен жұмыс жүргізілді, – дейді филиал басшысының міндетін атқарушы А.Мешітбаева.
Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының сараптама тексеру комиссиясының мәжілісіне 7 жеке тектік құжаттар және 334 сақтау бірлігі ұсынылды, оның ішінде 254 басқару және 80 жеке құрам құжаттары мемлекеттік архивке қабылданса, 19 істер номенклатурасы және 7 мекемеден 1466 мерзімі өткен сақтауға жатпайтын құжаттарды жою туралы актісі бекітуге және келісуге ұсынылды. Архив қорының ғылыми-анықтамалық аппарат жүйесін құру мен жетілдіру мақсатында жоспарға сәйкес жұмыстар атқарылған.
Жеңіс күнінің 79 жылдық мерекесіне орай және Ұлы Отан соғысының ардагері М.Ермахановтың 105 жылдық мерейтойына «Аталар мұрасы – ұрпаққа үлгі» атты құжаттар көрмесі мен экскурсия өткізіліп, «Архивтік анықтамалар, архивтік құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділер беру», «Архив құжаттарын цифрландыру заман талабы», «Архив қорындағы құндылық» атты мақалалар баспасөз бетінде жарияланған.
Осы жылдың наурызында мекеме қызметкерлеріне «Архив ісі саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидасы», маусым айында «Ақпаратты қорғау амалдары мен тәсілдері» және «Сақтау мерзімдерін көрсете отырып, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдар қызметінде жасалатын үлгілік құжаттар тізбесін бекіту туралы» бұйрығына Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2024 жылғы 15 мамырдағы №190-НҚ бұйрығымен енгізілген өзгерістер» тақырыбында мекеме қызметкерлерінің біліктілігін артыру бойынша 3 сабақ өткізілген.
«Қармақшы аудандық архиві» филиалында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы талаптарына сай біршама жұмыстар атқарылуда. «Сыбайлас жемқорлық – қауіпті дерт», «Архивтік анықтамалар мен құжаттардың көшірмелерін немесе архивтік үзінділерді алу тәртібі» тақырыбында екі дөңгелек үстел ұйымдастырылған.
Жоспарға сәйкес Ш.Уәлиханов атындағы №26 орта мектебінің 7 «Б» сынып оқушыларына «Құт қонған қасиетті Қармақшым» атты сабақ, Қармақшы аграрлы-техникалық колледжінің «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» тобының 1 курс студенттеріне «Архив – құнды деректердің сыр сандығы» тақырыбында лекция өткізілсе, «Архив – тарих айнасы» атты 1 ашық есік күні ұйымдастырылып, келген жеке және заңды тұлға өкілдеріне филиал басшысы жеке қабылдау өткізіп толғандырып жүрген мәселелері бойынша сұрақтарына заң аясында жауап берді.
Мекеме ғимаратында жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында мекемеде 2-21-88 нөмірлі «Сенім телефоны» мен арыз-шағым жәшігі орнатылған. Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар жалғасын табатын болады. Филиал қызметкерлері жергілікті өкілетті және атқарушы органдармен, мәдениет, білім, қоғамдық ұйымдармен өзара қарым-қатынас жасасып, аудандағы шараларға қатысады.
Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер мен сұранымдарға байланысты заң талаптарына сай тиісті жұмыстар атқарылды. 2024 жылдың қаңтар-маусым айлары аралығында барлығы 504 сұраныс тіркеуге алынды. Сұраныстардың 414-і қанағаттандырылып, 79-і түсіндірілді, 11-і қайта бағытталды. Тақырыптық сұраныстар түспеген.
«Электронды архив» бағдарламасы аясында архивтік құжаттарды цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүйелі жүргізіліп 1126 сақтау бірлігінен, 71512 парақ цифрлы форматқа көшірілді. «Құжаттардың бірыңғай электрондық архиві» ақпараттық жүйесіне 211 істен, 49987 парақ енгізілген.
Ардақ СҮЛЕЙМЕНОВА