Kyzylorda-news.kz Жалағаш ауданының әкімі Ардақ Ибраимов Мәдениет ауылдық округі тұрғындарымен кездесіп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
– Өздеріңізге белгілі Мемлекет басшысының, Үкіметтің, облыс әкімінің қолдауымен елді мекендерде көптеген игі бастамалар жүзеге асырылып келеді. Халықтың ұсыныс-пікірін ескеріп, биыл да бірқатар жұмыстарды жүзеге асыруды көздеп отырмыз. Біз үшін халықтың ойы, пікірі маңызды, сондықтан да айтар ұсыныстарыңыз бен ой-пікірлеріңіз болса тыңдауға әзірмін, – деді аудан әкімі А.Ибраимов.
Ауыл тұрғындары аяқсу мәселесін көтерді. Аудан әкімі халық аяқсудан тапшылық көрмеуі тиіс екенін айтып, бұл мәселені шұғыл шешу үшін жауапты сала басшыларына тиісті шаралар қабылдауды тапсырды.
Айта кетейік, Мәдениет ауылындағы жаңа қоныс көшесіне күрделі жөндеу жұмыстарына ЖСҚ әзірленіп, бюджеттік өтінім ұсынылды. Қазіргі уақытта қаржы күтілуде. Сонымен бірге ауылдағы 4 көшені жарықтандыру бойынша да тиісті құжаттар әзірленіп, бюджеттік өтінім берілді.
Фото: Жалағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі