Kyzylorda-news.kz Қызылорда облыстық қоғамдық даму басқармасының “Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастыруымен мекеме директоры Бақытжан Камалов бастаған топ облыстық ҚХА ардагерлеріне Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай құрмет көрсетті.  Үй-үйлерді аралап, құттықтау хат табыстады. Тәттіге толы себеттер таратты. 

Ардагерлерге құрмет.jpg

Ұрпағының болашағын ойлап, елінің бейбіт тіршілігі үшін ерен еңбек еткен ардагерлер көрсетілген сый-құрмет үшін алғыстарын жаудырып, ақ баталарын берді.

Бүгінгі қоғамды отаншылдық рухта тәрбиелеуге, рухани құндылықтарды насихаттауға, ардагерлердің ерліктеріне сыйластық көзқарасты қалыптастыруға бағытталған бастаманың әлі де өз жалғасын табатыны сөзсіз.

Ардагерлерге құрмет 3.jpg

Тағы да оқыңыз: