Арал ауданындағы «Аралтұз» акционерлік қоғамының қызметкерлері мәслихат депутаттарының сайлауына белсенді қатысып, азаматтық жауапкершіліктерін танытты.
Тұз өндірісінде еңбек ететін жұмысшылар дауыс беру арқылы өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына және ел болашағына бейжай қарамайтындарын көрсетті.
Айта кетейік, «Аралтұз» акционерлік қоғамы – өңірдегі ірі өндіріс орындарының бірі. Қазіргі таңда кәсіпорында 1200-ге жуық тұрғын еңбек етеді.
– Бүгін әріптестерімізбен бірге сайлау учаскесіне келіп, өз таңдауымызды жасадық. Мәслихат депутаттарын сайлау – өңіріміздің дамуына ықпал ететін маңызды саяси науқан. Сондықтан әр азаматтың сайлауға қатысып, өз таңдауын жасауы маңызды деп санаймын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш, халқымыз бірлікте болсын! – деді №5 цех басшысы Досжанов Бекарыс.
