*Kyzylorda-news.kz.  Бүгінгі күнге дейін Арал ауданына басқа аудандардан 12 513 тонна шөп және 555,1 тонна жем жеткізілді.*

Оның 483,9 тоннасы Болат Өтемұратовтың қорының есебінен және 71,2 тоннасы облыстың аудандарымен және басқа облыстардан әкелінген өнімдер болатын. Алдағы уақытта да бұл шаралар жалғасын табатын болады.

Сондай-ақ, қайырымдылық көмек ретінде Шымкент, Жамбыл, Ақтөбе облысы Ырғыз ауданы, Сырдария, Жалағаш, Қармақшы, Қазалы аудандарынан және Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы қолдау көрсетіп, әлеуметтік жағдайы төмен 2 369 отбасыға 859,8 тонна шөп тегін үлестірілді.

Биылғы жылдың 21 тамыз күнінен бастап облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының ұйымдастыруымен әр аптаның сенбі күні Арал ауданында жем-шөп сатылымы жәрмеңкесі өткізіледі.

Облыс бойынша шөп жинау науқаны қарқынды жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: