Kyzylorda-news.kz Елімізде “Қазақстан мұғалімі - Ұлттық сыйлығы” байқауының финалистері анықталды. 

2200 үміткер қатысқан ұстаздар додасында терең білімі мен тынымсыз еңбегі арқылы көзге түскен 50 мұғалім үздік деп танылды. Олардың қатарында Арал ауданындағы Ж.Әбдірашев атындағы 62 мектеп-лицейінің информатика пәнінің мұғалімі Алтынбек Кикбаев пен бастауыш сынып мұғалімі Гүлсара Баймаханова бар.

Айта кетейік аталған байқауда бақ сынаған қатысушылар бірнеше бағалау талаптары бойынша іріктеліп, ақтық мәреге жолдама алған болатын. Финалдық кезең қазан айында қорытындыланып, жеңімпаздар сол кезде анықталмақ. Үздік шыққан 10 мұғалім жүлдеге іліксе, жеңімпаз байқаудың Халықаралық кезеңіне жолдама алады.

 

Тағы да оқыңыз: