Kyzylorda-news.kz.  Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Жолдауында кәсіпкерлік саласын дамыту мен бизнес идеяларды қолдау шаралары артып, мемлекет бизнеске көмек көрсету ісін жалғастыра беретінін айтқан болатын. Бұл бағытта Арал ауданында да түрлі бағдарламалар арқылы кәсіп байсаймын немесе кәсібімді кеңейтемін деушілерген қолдау көрсетіліп келеді. Бұл өз кезегінде жұмыссыздық деңгейін төмендетіп, халықтың күн көрісін молайтуға өзіндік септігін тигізуде. 

Кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған бағдарламалар арқылы  адамдарды аз уақытта оқытып, кәсіп меңгеруіне жол ашатын «Еңбек» бағдарламасы жүзеге асырылуда. Арал ауданда да бұл жоба арқылы мемлекет тарапынан грант ұтып алып, қолынан келер кәсібін ашып, халыққа қызмет етіп отырған азаматтар саны жылдан-жылға өсіп келеді. 

Қазіргі уақытта қала мен ауыл көшелерінен автокөліктің түр-түрін көруге болады. Осыған орай автокөліктерге қызмет көрсететін орындар да ашылуда. Бұрын ауданда дөңгелек жөндеу шеберханасын көру қиынға соғатын. Көліктің «тілін» түсінетін жандар үйінің жанындағы гаражынан көлік құралдарының сыр беген тетігін тауып, жөндеп беретіндіктен, көлік иелері де соларға баратын. Ал қазір қалада арнайы сервистік қызмет көрсету орталықтары ашылып, талапқа сай қызмет түрлерін көрсетуде. Сондай көлікке қызмет көрсету орталғын ашқан жас кәсіпкердің бірі Руслан Ібадатов. Ол өткен жылы  мемлекеттік грантты иеленіп, көп жылдардан бері ойында жүрген өзінің жаңа бизнес-идеясын іске асырып, көлік дөңгелегін жөндеу орнын ашты.

– Бала кезден көлікке қызығып өстік. Әкем мені жанынан тастамай көлкітің тілін ұқтырды. Қандай ақау болған кезде қалай жөндеу керектігін үйретті. Содан бастап қандай көлік болса да оның сырын тез ұғып алатын болдым. Адамға бірнәрсе жақын болады екен ғой. Мен де көлік құралдарына жақын болып өстіп. Қазір осы қызығушылығымды кәсіпке айналдырдым. Бұл бизнес жоспарым мемлекеттің қолдауына ие болып, дөңгелек жөндеу, көлік майларын ауыстырумен айналысатын шеберхана аштым. Кәсіп бастағаныма көп уақыт өтпесе де іздеп келіп, көліктерін жөндетіп алатын тұрақты келушілерім бар. Талаптанып, қолынан келер іспен шұғылданғысы келетін адамға бүгінде Үкімет тарапынан қолдау көп. Оны өз ісімнің нәтижесінен көріп отырмын. Кішкене кезімнен машинаға қызығатын едім. Өз көлігімді өзім жөндей беретінмін. Қазір көліктен көп нәрсе жоқ. Техника болған соң бұзылмай тұрмайды. Содан көліктердің дөңгелектерін жөндейтін орын ашсам деген ой келді. Халық үшін бұл қызмет түрі бірден-бір қажет деп есептеймін. Алдағы уақытта қызмет көрсету аясын кеңейтуді мақсат етудемін,  – дейді кәсіпкер.

Жас кәсіпкер арнайы орында автокөлік дөңгелегіне түрлі қызметтер көрсетуде. Дөңгелекті ашып жабу, босатып алу секілді жұмыстардан бастап, дөңгелек камераларын желімдеу, қысымын өлшеу қызметі де бар.

«Еңбек» бағдарламасының демеуімен қолдан келетін кәсібінен береке тауып отырған Руслан Аралбекұлының бұл ісі жастарға үлгі.

Еске сала кетейік, жыл  басынан  бері аудандағы өнеркәсіп орындары 10,3 млрд теңгенің өнімін өндіріп, өсім 101,1% жетті. Өндірілген  өнеркәсіп  өнімдерінің  72,0% өңдеу  саласына  тиесілі. Өңдеу  өнеркәсібінің  көлемі 7,4 млрд теңгені құрады. Бүгінгі таңға тіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 6654 бірлікті құрап (заңды тұлғалар – 275, дара кәсіпкер – 5093, шаруа қожалықтары - 1286), өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда 42,4% өсім көрсетті. Ал, жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 6317 бірлікті құрап, 47,9%көбейді.

Тағы да оқыңыз: