Kyzylorda-news.kz. Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов өрт сөндірушілер мен орманшыларға және қаратерең ауылының тұрғындарына алғысын айтты.

«Кеше аудан аумағында төтенше жағдай болып, дала өрті орын алды. Қаратерең ауылдық округіне қарасты Жыланды көл аумағында 16:10 шамасында басталған өрт 600 мың шаршы метрді шарпыды. Оқиға орнына елді мекендегі 1 өрт сөндіру техникасы мен 22 адамнан тұратын еріктілер тобы, Арал орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің өрт өрт сөндірушілер мен орманшылары және Қазалы ауданынан өртке қарсы қызметінің өрт сөндірушілері қатысты. Жалпы тілсіз жауды ауыздықтауға 3 техника мен 40-қа тарта адам жұмылдырылды. Нәтижесінде өрт жергілікті уақытпен 23:40-та толықтай оқшауланды.

Осы ретте орманшыларға, өрт сөндірушілерге, ауыз бірлігі мығым, ынтымағы ортаймаған Қаратерең ауылының азаматтары мен мектеп ұжымына үлкен ризашылығымды білдіремін. Сіздердің арқаларыңызда жайылымдық және мал азықтық жерлерді сақтап қалу мен экологиялық залалдың алдын алу мүмкін болды. Өздеріңіздің жанашырлықтарыңызбен туған табиғатымызға келетін үлкен зиянның жолы кесілді.

Құрметті жерлестер! Өздеріңізге мәлім күз айлары дала өртінің қауіпті кезеңі. Сондықтанда табиғат пен сыртқа демалуға шыққанда тазалық пен сақтық шараларын қатаң ұстануға шақырамын.

Туған жерімізді ардақтап, табиғатымызды аялайық» деді ол.

376270826_829194025541367_2444114681737692085_n.jpg376234681_829194078874695_1872821868054772566_n.jpg

Тағы да оқыңыз: