Kyzylorda-news.kz.  Жыл санап өңірдегі егін шаруашылығы екпін алып келеді. Әсіресе Сыр беткейдегі диханшылықты кәсіп еткен ағайын бүгінде бақша дақылдарынан бөлек жеміс-жидек, мал азығын дайындауды қолға алып отырғандығы қуантады. Арал қаласының тұратын Санат Нұрманов өткен жылдан бері алма бағын өсіру ісін қолға алды.

Ауласындағы шағын бақшасының ішін жеміс-жейдек түрлерімен жайқалытып қойған Санат ағаның мұндай кәсіп түрін қолға алуы кызығушылығынан туындаған. Ауылға көрік берсін және елгі игілігім тиісін деген мақсатта алма бағын өсіруді қолға алады. Сөйтіп өткен жылдан бастап Сарыағаштан 3350 түп голден және семеренка сортты алма ағашының көшетін алып келіп, ауыл мағындағы 5 гектар аумаққа отырғызды.   

– Алма ағаштарын 84 пайызы яғни 2760 түбі бүгінде жақсы жағдайда. Бірқалыпты өсіп келеді. Гүлдеп те жатыр. Негізінен 3 жылда жеміс беруі тиіс. Енді келер жылы алғашқы жемістерді жинаймыз деп ойлап  отырмыз. Барынша табиғи қоспасыз өсіргім келеді. Мұндай жеміс ағаштары ерекше күтімді де талап етеді. Оларды зиянкез жәндіктерден қорғау үшін түптеріне жылына 3 рет дәрумендер сеуіп отырамыз, - деген Санат аға алма бағының қазіргі жайы туралы айтып берді. 

Бастапқыда ауласына жеміс ағаштарын отырғызып бастаған ағамыз бұл ісін кейін ұлғайтты. Бірақ пайда көру мақсатында емес. «Артыңда мал қалғанша, тал қалсын» деген аталы сөзді ұстанған бағбан өзінің ісінің өзгелерге үлгі болғанын қалайды. Ел осыдай игі іске мойын бұрса ауыл іші берекелі болар еді дейді.

– Мүмкін емес деуге болмайды. Барлық нәрсені шын ниетпен қолға алсаң жасауға болады. Біздің ауыл Қазалымен шекаралас жатыр. Алып қарасақ көршіліес аудан егін шаруашылығынан көш ілгері. Мұндай мүкіндік біздеге де бар. Сондықтан көп ойланбай алма бағын өсіремін деген шешімге келген болатынмын. Қазір жасауға болатынына көзім жетті, - дейді бағбан.

 Бағбанның сөзінше Алма бақтың жиегіне көркейту мақсатында түрлі ағаштармен қоршалған. Жәй ағаш емес, 700 түп сыр талын, 1000 түр ақ тереке пен шиповник ағаштары отырғызылып, қоршау болып тұр. 

– Алдағы уақытта бақ ішіне алмада басқа да жеміс түрлерін егуді жоспарлап отырмын. Жақында бақ ішіне 30 балапан қаз жібердім. Ондағы ойым қаз бақ ішін арап шөптерден тазалайды. Бір жағынан көңі табиғи тыңайтқыш болады, - деді.

Сондай-ақ бақ ішіне бал ара өсіріп кәсіп етемін деушілерге де ешқандай қарсылық жоқ деген кәсіпкер бірігіп қылған істің берекесі болатындығын жомарт жүрекпен жеткізді. 

Егіншілікті кәсіп кеткен диқаншылар жыл сайын бақша дақылдары өсіру көлемін арттырып келеді. Енді Аралдың алмасы нарыққа шығар болса бұл үлкен қуаныш. Бірінішіден баға жағынан қолайлы болса, екінші жағынан өз жерімізде өсірілеген химиялық қоспасыз, табиғи таза өнімді тұтынатын боламыз.

Тағы да оқыңыз: