Kyzylorda-news.kz Арал аудандық әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішевтің төрағалығымен аппарат мәжілісі өтті. Күн тәртібінде Үкімет отырысында жүктелген тапсырмалардың орындалу барысы талқыланып, әлеуметтік саладағы өзекті мәселелер мен алдағы жоспарлар қаралды.

Мәжілісте аудан әкімінің орынбасары Еркін Жұмаханұлы автокөлік жасау саласын дамыту бойынша іске қосылған «Тоғыс-Аралотын» ЖШС-нің мотоцикл құрастыру зауыты ауданның инвестициялық әлеуетін арттыруға және жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік беретін маңызды жоба екені атап өтіп, өндірістің ауқымын кеңейту бағытында әлі де жұмыстары атқарылуы тиіс екенін атап өтті.

арал.jpg

Жауапты бөлімге өңірде өндірістік жобаларды көбейту, инвестиция тарту және экспорттық әлеуетті арттыру бағытындағы жұмыстарды күшейту жүктелді.

Мұнан өзге негізгі мәселелердің бірі «Конго-Қырым» геморрагиялық қызбасына қарсы жүргізіліп жатқан залалсыздандыру жұмыстары назарға алынып, бұған дейін анықталған кемшіліктер бойынша жауапты мекемелер мен ауылдық округ әкімдеріне жұмыстарды белгіленген кестеге сәйкес сапалы әрі уақытылы ұйымдастыруды тапсырды.

Сондай-ақ мердігер мекемелермен келісім-шарттарды жедел рәсімдеу, ветеринария мамандарының залалсыздандыру жұмыстарына толық қатысуын қамтамасыз ету, елді мекендер мен қора-жайларды санитарлық тазарту жұмыстарын күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктелді.

Мәжілісте «Отбасының цифрлық картасы» ақпараттық жүйесіндегі А және Б санатындағы отбасыларды зерделеу және олардың санаттарын растау жұмыстарын қысқа мерзімде аяқтау қажеттігі де айтылды.

Мәжіліс қорытындысында аудан әкімі барлық жауапты мекеме басшылары мен қала, кент және ауылдық округ әкімдеріне берілген тапсырмалардың орындалуын жеке бақылауда ұстап, әрбір жұмыстың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді міндеттеді.

арал.jpg

Тағы да оқыңыз: