Фото: zlata-kukla.ru

Kyzylorda-news.kz Арал теңізі мәселесін көтеріп жүрген, “жаңбыр адам” лақап атымен танылған Алтай Айнабек америкалық актер Леонардо Ди Каприодан көмек сұрады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алтай Айнабек Аралда экологиялық апаттан күн сайын зардап шегіп жатқандардың атынан сөйлеп жатқанын айтты.  Сондай-ақ ол бір кездері ұлы теңіз болған жердің қалдықтарының арасында өмір сүріп жатқанын жеткізді.

“Құрметті Леонардо Ди Капри және баршы асыл жандар! Тыныс алған кезде тұздың ащы иісі келетін әлемде өмір сүріп жатқаныңызды елестетіп көріңіз. Бір кездері нәр берген жер қазір тозаңға айналған. Бұл Орталық Азиядағы миллиондаған адамдар үшін ащы шындық. Арал теңізінің құрғаған табанынан шыққан тұзды жел тасып, алыс-жақын маңға тарап, топырақты, суды, ауаны уландырып жатыр”, – дейді ол.

Сондай-ақ ол мұнымен мәселе бітпейтінін, Аралдың түбінен жел арқылы ұшқан тұз Азияның су мұнаралары" болған құдіретті Гималайға жететінін айтты.

“Тұз ғасырлар бойы миллиардтаған адамдарды қолдап келген мұздықтардың, өмір беретін мұз массаларының еруін тездетеді. Мұздықтар еріп жатқанда, оның әсері әлдеқайда алыс жерде сезіліп, адамдарға, өсімдіктерге, ауыл шаруашылығына және бүкіл экожүйеге әсер етеді. Бұл тұз, үнсіз күш, жерді ғана емес, осы аймақтағы тіршіліктің мәнін жеп жатыр. Оның салдарынан мұздықтар жылдам қарқынмен еріп, табиғаттың тепе-теңдігін бұзып, келешек ұрпақтың болашағына қауіп төндіреді”, – дейді “жаңбыр адамы.”

Алтай Айнабектің сөзінше, бұл мәселелерді шешуге мүмкіндік бар.

“International Center of Climate Change Technologies компаниясы, жаңбырды жақсартудың инновациялық технологиялары арқылы апаттарды жоюға тырысамыз. Біз жаңбырды қайтару, ауаны тазарту, жерді қалпына келтіру және мұздықтарды осы сусымалы қауіптен қорғау үшін жұмыс істеп жатырмыз. Климаттың өзгеруінің салдарын азайту үшін күресуге арналған барлық асыл жандарға осы маңызды миссияға қосылуға шақырамын. Арал теңізінің халықтары, Гималай халқы – біздің көмегімізге мұқтаж”, – дейді ол.

Сондай-ақ жаңбыр адамы Аралдағы өмірді қалпына келтіру үшін бүкіл халық бірігіп жұмыс істеуі керегін айтты.  

Тағы да оқыңыз: