Аралда «Жас толқын» жастар сыйлығы табысталды – Kyzylorda News
Басты бет

Аралда «Жас толқын» жастар сыйлығы табысталды

31.12.2019, 16:00

476 0

Kyzylorda-news.kz. Кеше Арал аудандық мәдениет үйінде «Жаңа толқын» тақырыбында аудандық жастар форумы өтті.

Форумға аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов қатысып, жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

«Алдымен баршаңызды Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Заманауи әлемде елдің қуаты да, жарқын болашағының кепілі – білімді де алғыр жастарымыз екені анық. Сондықтан, әрбір жас ел дамуындағы жаңашыл істе бастамашыл болуы қажет. Жастарымыздың сапалы білім алып, өз ісінің маманы болуы – тұтас елдің мерейі. Сіздерді еліміздің өркендеуі мен жарқын болашағы жолында жастық жалынмен аянбай еңбек етіп, ел үмітін ақтайды деп сенеміз»-деп ақжарма тілегін жеткізді.

Одан соң аудандық Жастар ресурстық орталығының директоры Әлібек Ізбасаров сөз алып, Жастар жылындағы аудан жетістіктеріне тоқталған соң, Еріктілер жылында да жастарды бірлесе жұмыс жасауға шақырды.

Салтанатты жиында әр салада еңбек етіп, зор жетістіктерге жеткен, жыл қорытындысы бойынша үздік деп танылған жастар түрлі номинациялар бойынша аудан әкімінің «Жас толқын» сыйлығымен және ауданымызда мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға үлес қосып жүрген белсенді жастар Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасы басшысының және Облыстық жастар ресурстық орталығы директорының алғыс хаттарымен марапатталды.

Сонымен қатар Қызылорда облыстық жастар мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Kyzylorda Business Hab» облыстық стартап жобалар байқауының жеңімпазы Дәулет Қазбеков, облыстық «Jas Otan» жастар қанатының қорытынды кешінде «Үздік аудандық бөлімшесі» номинациясын иеленген аудандық бөлімшеге және облыстық «Жас ұлан» ұйымының жастар жыл аясында «Арманың барда, адымда алға!» жобасында қолтаңбасын қалдырған аудандық «Жас ұлан» ұйымына марапаттары табысталды.

0

Пікір қалдыру