Kyzylorda-news.kz Арал ауданында тұрғындар қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға жедел ден қою мүмкіндігін арттыру бағытындағы жұмыстар жалғасуда.

«Ауыл құтқарушылары» республикалық бағдарламасы аясында Қызылжар және Қамыстыбас ауылдарында жаңа өрт сөндіру бекеттері ашылды. Бекеттер шалғай елді мекендердегі өрт қауіпсіздігін күшейтіп, төтенше жағдай кезінде алғашқы жедел көмекті ұйымдастыруға мүмкіндік береді.

Қызылжар ауылындағы бекет Қызылжар, Ақшатау, Шөмішкөл, Ескіұра және Райым ауылдарындағы 1013 тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Ал Қамыстыбас ауылындағы жаңа бекет ауданның Сыр беткейіндегі елді мекендер үшін маңызды тірекке айналмақ. Жалпы, өңірде аталған бағдарлама аясында 35 өрт сөндіру бекеті салынған.

Жаңа бекеттердің ашылуы – ауданның азаматтық қорғау саласындағы материалдық-техникалық мүмкіндіктерін арттырып, өрттің алдын алу, төтенше жағдайларға жедел әрекет ету және тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету әлеуетін күшейтеді.

Бұл бағыттағы жұмыстар алдағы уақытта да жалғасып, ауылдық елді мекендердегі қауіпсіздік жүйесін одан әрі жетілдіруге мүмкіндік береді.

Арал өрт сөндіру бекеті 2.jpg

Тағы да оқыңыз: