Kyzylorda-news.kz. Арал ауданында  17-19 шілде күндері аралығында «Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында рейдтік іс-шара жұмыстары жүргізілуде. 

Арал ауданы полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөлімшесінің ювеналды полиция тобының учаскелік полиция инспекторлары аудан көлемінде жасөспірімдер арасындағы қылмысты ескерту және оның алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тәуліктің кешкі және түнгі уақытында кәмелетке толмағандардың арасындағы құқық бұзушылықтың жолын кесіп, кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды анықтауға жұмыс жүргізіп жатыр. Жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, балаларға қатысты қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. 

Тәртіп сақшылары кәмелетке толмағандардың жүріс-тұрыстарына бақылау жасап, заңды өкілдерінің қарауынсыз түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық орындарында бей-берекетсіз жүретін жасөспірімдерді анықтап, қылмысқа бейім, тәртібі қиын балаларды полиция органдарының есебіне алды. 

«Түнгі қаладағы балалар» жедел профилактикалық шарасы жыл сайын дәстүрлі түрде өткізіліп келеді.  Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Кодексіне сәйкес, кәмелеттік жасқа толмаған балаларға түнгі сағат 23:00-ден таңғы 6-ға дейін ата-анасының және оған құқы бар заңды өкілдердің қарауынсыз ойын-сауық мекемелерінде немесе үйден тыс жерлерде жүруге болмайды. Ол үшін ата-анасы әкімшілік жауапкершілікке тартылады. Аулаларда, саябақтарда, жастар көп жиналатын ойын-сауық орындарында рейдтік қадағалау жұмыстары кеңінен жүргізілуде. Сондықтан құрметті ата-аналар жасөспірім балаларды қадағалап отыруды үнемі естен шығармайық, – делінген полиция бөлімінің таратқан хабарламасында.

361388471_755299079704000_2561813892759547972_n.jpg

Тағы да оқыңыз: