Kyzylorda-news.kz.  Аса қауіпті зиянкестердің ішінде ауылшаруашылығына ең қауіптісі – үйірлі шегіртке тектес зиянкестер (азиялық шегіртке және итальяндық прус). Жалпы алғанда шегірткенің жаппай таралып, ауылшаруашылығы жерлеріне айтарлықтай зиян келтіруі көптеген факторға байланысты.

Биыл Арал ауданында шегіртке тектес зиянкестерге қарсы 6000 гектар жерге химиялық өңдеу жұмыстары жүргізіледі деп жоспарланған.

Осы орайда, Қарақұм, Сазды және Аққұм ауылдық округтерінен 5600 гектар жерге шегіртке тектес зиянкеске қарсы қорғаныс іс-шаралары жүргізілді. Оның ішінде әуе ұшағымен 4200 гектар, жер агрегатымен 1400 гектар жерге улау жұмыстары жүргізілді.

Қазіргі таңда химиялық өңдеу жұмыстарына 1 дельта план және 1 жер агрегаты (УАЗ) жұмылдырылуда.

«Зиянкестердің көбеюі өнімнің және жануарлардың азаюына алып келеді. ҚР «Өсімдіктерді қорғау туралы» Заңына сәйкес облыстық аумақтық инспекциясының әр аудандағы инспекторлары заң талабын барлық шаруа қожалық етуші субъектілердің қалтқысыз сақтауын қадағалайды. Барлық жер иеленуші жеке және заңды тұлғалар өз иелігіндегі жерде фитосанитарлық мониторинг пен фитосанитарлық iс-шараларды жүргiзуге және зиянды организмдердiң зиян тигiзудiң экономикалық шегiнен көп дамуы мен таралуына жол бермеуге тиісті. Осындай ауқымды жұмыстардың арқасында биыл да ауылшаруашылығы дақылдарын, шабындықтар мен жайылымдарды зиянды түрлі организмдерден сақтап қалатынымызға сенім білдіруге болады», – деді аудан әкімінің орынбасары Еркін Әбішев.

Тағы да оқыңыз: