Kyzylorda-news.kz. Арал теңізінің құрғаған ұлтанының жалпы көлемі​ 4,5 млн. гектарды құрайды. Оның ішінде 2,2 млн. гектар Қазақстан аумағында орналасқан. Теңізінің тартылуынан жыл сайын ауаға 75 млн. тонна тұз бен топырақ ұшып, экологиялық апат тудыруда.

Мемлекет Басшысының Арал теңізінің құрғаған ұлтанында алдағы 5 жыл ішінде 1,1 млн. гектар сексеуіл екпелерін ұлғайту жөнінде шаралар кешенін қабылдау туралы тапсырмасына сәйкес ағымдағы жылдың күз айында теңіздің құрғаған ұлтанында 100 мың гектарға сексеуіл егу жұмыстары жоспарлануда. Осыған байланысты, «Қызылорда орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесі» сексеуіл тұқымдарын жинау жұмыстарын жүргізуде.

Тағы да оқыңыз: