Kyzylorda-news.kz. Арал ауданында індеттің алдын алу, таралуын болдырмау мақсатында тиісті жұмыстар жүргізіліп келеді. Эпидемиологиялық ахуалдың біршама тұрақталғанына орай карантин режимінің талаптары жеңілдетілгенімен, бірқатар шектеулер өз күшінде қалды.
Санитариялық-дезинфекциялық талаптардың сақталуын қадағалау үшін аудан әкімдігі жанынан құрылған мобильді топтың тексеріс шаралары жалғасуда .
Кәсіпкерлік нысандар, дүкендер, дәмханалар және өзге де қоғамдық тамақтану орындары, көлік жуу орталықтары күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтап, белгіленген уақыттан кейін жұмысын тоқтатуы қажет. Сонымен қатар, тұрғын үйлерде адамдардың көп шоғырлануын болдырмау үшін жиын-тойларды өткізуге тыйым салынады.
Алдағы күндері тексеріс жұмыстары күнделікті жүргізіледі. Талапқа бағынбаған тұрғындар мен кәсіпкерлік нысан иелері анықталған жағдайда қолданыстағы заңнамаға сәйкес тиісті шара көрілетін болады.
Барша аудан тұрғындарын инфекцияның таралуына жол бермеу үшін енгізілген талаптарды қатаң сақтап, отбасылық дәстүрлі шараларды шектеуге шақырамыз.