Kyzylorda-news.kz.  Арал ауданында жыл басынан бері атқарылған жұмыс ауқымымен таныс болдық. Сонымен қатар алдағы уақытқа жоспарланған мәселелердің де кезектілігі де қаузалды. Бұл туралы Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Арал ауданының әкімі С.Сермағамбетов алты айдың қортындысы бойынша журналистерге баспасөз конференциясында атап өтті. Газетіміздің өткен санында осы брифнг жайында оқырмандарымызды хабардар етіп, кеңінен қамтылатындығы жайлы жазғанбыз. Осыған орай бүгін аралдықтарға алты айдың қорытындысы жайлы көлемді ақпарат бергелі отырмыз.

Брифингтегі сөздің басын Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл және айдынды Арал ауданына 95 жыл толуына орай құттықтаумен бастаған аудан әкімі Серік Сермағамбетов:

– Жыл басы ауданымыз үшін берекелі, табысқа толы болды. Өңірде түйткілді мәселелер ретімен шешімін табуда. 7 макроэкономикалық көрсеткіштер бойынша өсім орын алды.Ендеше, Арал ауданында атқарылған негізгі деген жұмыстарды назарларыңызға ұсынамын, – деп аймақтағы бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне ауданның ахуалы жайында баяндады.

Қай өңірдің болмасын дамуына бірден бір себеп болатын жағдай инвестиция көлемінің артуы және тиімді ұйымдастырылған жұмыс екені баршамызға аян. Осы ретте жан-жақты зерделеніп, оң шешімге бастайтын аудандағы инвестицияның жағдайын аудан әкімі төмендегіше хабарлады.

– Жыл басынан бері ауданға 7,7 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылып, өсім2 есеге артты. Тартылған инвестицияның 75 проценті, яғни 5,8 млрд  теңгесі  ауылдық  жерлерге, қалған 1,9 млрд теңгесі Арал  қаласына  салынған.Оның 2 млрд теңгесі білім беру  саласына, 2 млрд теңгесі көлік  және қоймалау саласына, 1,7 млрд теңгесі жылжымайтын мүліктермен операциялар саласына, 1,6 млрд теңгесі өнеркәсіпке  тартылған.2022 жылы 16,7 млрд теңге инвестиция тартылса, 2023 жылға 24 млрд теңгедей инвестиция тарту жоспарымызда бар. Оның ішінде жеке сектор қаражаты есебінен 10 млрд теңгеге жуық қаржыға 14 жобаны  іске  асыру көзделуде, – деді.

Ал қаржы-салық саясаты жайында «биылғы жылдың бюджеті 18,5 млрд теңгеге жетіп отырса, есепті кезең ішінде ауданның барлық кірістері, трансферттерді қоса алғанда 7 млрд теңгені құрап, 103% артық орындалды.  Оның ішіндеөз түсімдеріміз 1753,0 млн теңгені құрап, 13% артық  орындалып, алты айдың көрсеткіші жылдық жоспардың55%-ын құраса, даму бюджетіміз 11,6 млрд теңгеге жетті» деп атап өтті.
Ауданның дамуында тағы бір жетекші орын алатын бағыттардың бірі өнеркәсіп саласы. Бұл негізде атқарылған жұмыстар көңіл көншітеді. Аудандағы өнеркәсіп орындары 13,6 млрд теңгенің өнімін өндіріп, 5,9% өсім көрсеткен. 472,5 мың тонна тұз, 75,9 мың текше метр табиғи құм қазылып, 135 мың тонна йодталған  тұз, 531 тонна нан  және  нан  өнімдеріөндірілген.

Кешенді жұмыстардың бір бағыты – индустрияландыру. «2021-2025 жылдарға арналған Индустриялық дамытудың тұжырымдамасы» аясында жалпы құны 168,7 млрд теңгені құрайтын, іске қосылғанда 1303 адамды жұмыспен қамтитын 9 жоба енгізілген болса, оның ішінде жалпы құны 3,6 млрд теңге болатын 2 жоба іске қосылып, 268 азамат жұмыспен қамтылған. Қазіргі таңда бірыңғай индустрияландыру картасына қосымша жалпы құны 7,2 млрд теңге болатын, іске қосылғанда 439 азаматты жұмыспен қамтитын 4 жобаны енгізу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ашып айтар болсақ қап шығару, құрғақ құрылыс ұнтақтарын өндіру, мал бордақылау алаңы және шұжық өндіру цехін ашу, профлист өндірісін ашу жобалары қолға алынуда. Мұнан бөлек Арал қаласының солтүстік-шығыс бетінде орналасқан индустриялық аймақтағы жер телімдері толықтай игеріліп, қосымша 10 гектар жер табысталса, бірнеше күн бұрын индустриялық аймақта орналасқан«Берекет» шаруа қожалығының «ет және ет өнімдерін өндіру» жобасы аясында айына1 тонна өнім өндіретін«Тұшпарацехы» іске қосылып, 4 адамды жұмыспен қамтылған.

– Өткен жылдың соңында аудан орталығында кәсіпкерлерге арналған  «Кәсіпкерлік үйі» бой көтерді. Қазіргі таңда, нысан кәсіпкерлерге және кәсібін бастаймын деген азаматтарға бизнес кеңес беру секілді қызмет түрлерін бір орталықтан көрсетуге мүмкіндік беруде.Сондай-ақ былтыр тұрғындар таңдау еркіндігі болуы үшін «КМФ» шағын қаржы ұйымы мен «Банк Центр Кредит» және«Еуразиялық» банкінің қаламызда бөлімшелері ашылып, қаржы ұйымдарының саны 6-ға жетті. Нәтижесінде теңізді өлкеде кәсіппен айналысушылар қатары көбейген, – деген С.Сермағамбетов 2023 жылдың І жартыжылдығынатіркелген шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 6599бірлікті құрап, өткен жылғы есепті кезеңмен салыстырғанда38,4% өсім алғанын жеткізді. Ал, жұмыс жасап тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері де 44,3%-ға көбейген. Осылайша аудандағы кәсіпкерлерге қолдау жасаудың игілігін тек қала халқы ғана емес, барша аудан тұрғындары сезініп отыр.

Асыраушы сала бойынша 2021 жылы агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында 2022-2024 жылдарға арналған «Ауыл шаруашылығы саласын дамытудың Жол картасы» қабылданды.Жол картасы мал, егін, балық шаруашылығы бағыттарында іске асырылады. Соған сәйкес, ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы 4,6 млрд теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 101,6 пайызға артты.Бастапқы кезеңде, бекітілген жол карта бойынша792 млн теңгені құрайтын 30 жобаіске асыру жоспарланса, бір жарым жыл ішінде атқарылған жұмыстардың нәтижесінде 281,8 млн теңгенің 23 жобасы орындалып, 43 адам тұрақты және маусымдық жұмыспен қамтылған. Жобаны, яғни ауыл шаруашылығы саласын әрі қарай дамыту мақсатында, биыл жол картасына өзгерістер жасалып қосымша 12 жаңа жоба қосылған.

Ауданда соңғы екі жылда4 түлік малдың басы да артып, мал шаруашылығынан алынатын өнім де көбейді. 
Тағы бір қуанышты жаңалық егіс көлемі мен егіннің өнімділігінде. Осы уақытқа дейін ауданымызда егіс көлемі 160-180 гектарды құрайтын.

Егіспен тек 3 ауылдық округі айналысып келсе, жоғарыда айтылған жол картасының екінші бағыты егін шаруашылығын дамыту бойынша қабылданған шараларға байланысты бұл көрсеткіш 2022 жылы 3 есеге өсіп 12 ауылдық округте барлығы 704,2 гектар жерге, ал ағымдағы жылы 5 есеге ұлғайып 15 елді мекенде 1010,3гектар жергеегістік дақылдары орналастырылды. Соның нәтижесінде былтыр 3143,8 тонна өнім алынса, биыл 5000 тоннаға дейін өнім алу жоспарлануда.Сонымен қатар, облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес жеке тұрғындардың өз-өздерін бау-бақша және көкөніс өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша 76 гектар жерге ауыл шаруашылығы дақылдарын орналастыру межесі белгіленіп, егіс дақылдарын егуге ынталы 40-тан астам отбасыға қосымша жер берілді. Ауданда суармалы судың болжамды тапшылығы жағдайы да қарастырылып, Арал қаласы мен Сексеуіл кентінде жылыжай кешендері жұмыс жасауда.

Серік Сағитжанұлының баяндамасында бағаны тұрақтандыру шаралары да назардан тыс қалмағаны айтылды. «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте көтерген 8 бағытының ішіндегі қоғамдық  саяси ахуалға әсер ететіні ол әрине – бағаны  тұрақтандыру,  инфляцияны  тежеу шаралары болып отыр. Бұл жұмыстар ауданда күн тәртібінен  түспейтін мәселелерге  айналған» деп баяндаған аудан басшысы «аса  маңызды 19 түрлі азық-түлік тауарларының бағасына күнделікті мониторинг  орнатылған. 1коммуналдық базар, 9 әлеуметтік бұрыш пен 1 әлеуметтік  дүкен жұмыс жасап тұр» деді.

Ауданның басты байлығына баланған балық шаруашылығының ауқымды жұмысы жайлы түрлі жағымды жаңалықтар бар. Аудан аумағында маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені және 20 көл бар.Оның 17-сі табиғат пайдаланушыларға ұзақ мерзімге берілген.3 көл резервте.Биыл Кіші Арал теңізінен 6920 тонна балық аулау лимиті бекітіліп, 6651 тонна балық ауланып, 2430 тонна балық өңделген. Ауданда жылдық қуаттылығы 24000 мың тонна болатын 9балық өңдеу зауыты қалтқысыз жұмыс істеп тұр. Оның екеуінде «Еврокод» белгісі бар. Бұдан басқа, аудан төңірегінде 10-нан астам шағын балық цехтарыда өз жұмыстарын жасап келеді. Осы кең көлемдегі жұмыстардың нәтижесінде алғашқы жартыжылдық көлемінде 1266 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылған.

«Облыс бойынша балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілген болатын. Бекітілген бағдарламада ауданға қатысты тауарлы балық өндірісін ұлғайту үшін 7 тауарлы көліміз тізімге енгізілді» деген аудан әкімі бүгінгі күнге 3 тауарлы көлгеинфрақұрылым жүргізу үшін жоба-сметалық құжаттамалары әзірленгеніне, аталған бағдарлама аясында тоғанда балық өсіру жобасынқолға алғанына, жалпы 2 жыл ішінде 10 қолдан балық өсіру жобасын орындайтынына тоқталды.

Бүгінде ауданда су шаруашылығы саласы да өзектілігін жоймай тұр. Әсіресе баршаға белгілі болғандай 2021 жылы аудан аумағында қуаңшылық жағдайы орын алыпғаннан кейін бұл мәселе күрделене түсті. Бүгінде соған байланысты мал жайылымдық жерлерді суландыру үшін, бірінші кезекте13 дана су ұңғымалары қазылды. Мұнан бөлек Қамыстыбас, Ақшатау көлдер жүйесін,шабындық және жайылымдық жерлерді суландыру үшін 10 каналдың арнасы тазаланып ұлғайтылып, 6су тоспаларының құрылысы жүргізілген. Бұл жұмыстар тек жайылымдық және шабындық жерлерді суару ғана емес, егістік шаруашылығын жандандыруға септігін тигізді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасына орай Республикалық бюджет есебінен «Көкарал бөгетін сақтап қалу және Сырдария өзенінің атырауын қалпына келтіру» жобасының жобалық сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды.Жобаның жалпы құны 4,5 млрд теңге.2022 жылы осы жобаны іске асыру үшін 500 млн теңге көлемінде қаржы бөлінді. Ендігі кезекте, осы бөлінген қаржыға атқарылған жұмыстар туралы тоқталып өтсем» деген аудан басшысы «2022 жылы  «Ақлақ» су торабына жөндеу жұмыстарын жүргізіліп, қосымша канал арналарын қазу жұмыстары атқарылды. Бұл жұмыстар былтыр толығымен аяқталып, 2023 жылы су тоспалары мен қорғаныс бөгеттерін салу жобалары іске асырылатын болады» деді баспасөз брифингінде.

Ауылдық жерлердің бәсекеге қабілеттілігін арттыратын жобалардың бірі «Дипломмен – ауылға!» бағдарламасы. Аталған бағдарлама бойынша ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген 34 маманға бір жолғы көтерме жәрдемақы төленген. Алдағы уақытта 12 қызмет алушыға тұрғын-үй сатып алу беру жоспарлануда.

Брифинг барысында С.Сермағамбетов мұнан бөлек Мемлекет басшысының бастамасымен «Ауыл Аманаты» арнайы  бағдарламасы бойынша ауыл халқының табысын арттыруға негізделген аудандағы жұмыстарға, жалпы құны 4,2 млрд теңгені құрайтын құрылыс жұмыстарына тоқталып, ауыз су мәселесі бойынша да жан-жақты жұмыстар істеліп жатқанын жеткізді. Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы аудандық маңызы бар жолдар үлесі 2023 жылдың 1 қаңтарында 64 пайызға жеткен. Қазіргі таңда бұл көрсеткішті арттыру мақсатында аудан көлемінде «Нұрлы жол»мемлекеттікбағдарламасы, «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы және «Моно және шағын қалаларды дамыту» бойынша барлығы жалпы 30 жоба іске асырылып жатқанына тоқталды. Бұдан бөлек аудан бюджеті есебінен Бөген елді мекені көшелерін орташа жөндеуден, қала көшелері мен аудандық маңызы бар автожолдар ағымдағы жөндеуден өткізілген. 
Аудан басшысы:

– Биылғы тағы бір қуанышты жаңалығымыз Арал қаласын екіге бөліп жатқан темір жол үстінен өтетін аспалы көпір мәселесі шешімін тапты. Облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының қолдауымен қазіргі таңда құрылысы басталып, іргетасын қалау жұмыстары жүргізілуде. Жоба келесі жылға өтпелі, яғни 2024 жылдың аяғына дейін тұрғындар игілігіне пайдалануға беріледі деп күтілуде, – деді.

Еліміз бойынша өзектілігін жоймай келе жатқан жұмыспен қамту бағытында да ауданда ауыз толтырып айтарлықтай жұмыстар бар. Әлеуметтік саланың да әлеуеті жоғары. Осыдан бір ай бұрын Арал қаласында әлеуметтік жағдайы төмен, көпбалалы, аз қамтылған отбасы мүшелеріне ақпараттық-кеңестік және ресурстық қолдау көрсетуге арналған «Отбасын қолдау» орталығы ашылды. Орталық тұрғындарға учаскелік полиция инспекторларымен, оқу орындарымен, аудандық ауруханамен, білім бөлімімен, қала, кент, ауылдық округ әкімдерімен және аудан әкімдігіне қарасты бөлімдермен бірге өмірде қиын жағдайға тап болған немесе оның туындау қауіп-қатері бар отбасыларды анықтап тиісті қызмет көрсетеді. Айта кетейік, мұндай көп функционалды орталық аудандар арасында алғаш болып біздің ауданда бой көтерген.

Аралда білім саласына да басымдық берілген. Аудандағы жалпы орта білім беретін 50 мектепте17 599 оқушы дәріс алса, қазіргі таңда, 61 мектепке дейінгі білім беру ұйымында4244бала тәрбиеленуде. 3-6 жас  аралығындағы  балалардың барлығы 100% мектепке дейінгі білім беру мекемелерімен  қамтылған.Ел Президентінің 2025 жылға  дейін 3 аусымдық  және  апаттық жағдайдағы мектептерді жою жөніндегі тапсырмасына сәйкес, Арал  ауданында 2023-2025 жылдар аралығында 10 мектептің құрылысын салу  жоспарланса, оның 4-і «Жайлы мектеп» бағдарламасы аясында салынатын  болады. Бірінші  кезекте, жоба-сметалық  құжаттары әзірленіп,  сараптамадан өткізілгенСапақ, Жалаңаш, Ақшатауелді мекендеріндегі 3 мектептің  мәселесін шешу жұмыстарыжүруде. Ал аймақ басшысы Нұрлыбек Машбекұлының бастамасымен жеке инвестор есебінен Тоқабай ауылында 100 орындық білім ұясы бой көтеруде.

Тұрғындар денсаулығы да тұрақты түрде бақылауда ұсталуда. Аудан халқына аудандағы55 медициналық мекемеде 139 дәрігер мен690 орта буынды мамандар қызмет көрсетеді.Ағымдағы жылы Тастүбек және Жалғызағым елді мекендерінде медициналық бекеттер жаңадан салынып, пайдалануға берілсе, Бөген ауылы мен Қызылжар ауылында құны 400 млн теңгені құрайтын дәрігерлік амбулаторияның құрылыстары басталды.Іске қосылғанда  бір мезгілде 20 адамға қызмет көрсететін медициналық орталық қараша айының соңына дейін ел игілігіне беру көзделуде. Жақын күндері Көктем елді мекенінде медициналық бекеттің іргетасы қаланатын болады. «Ал бірнеше жыл құрылысы тоқтап қалған Сексеуіл кентіндегі 40 төсектік аурухананың құрылысы сәуір айында қайта жанданып, жеңімпаз болған «Интегростой» ЖШС-і нысанды жыл соңына дейін аяқтауды жоспарлап отыр. Аудандық көпбейінді орталық аурухана қасына екі қабатты қосымша ғимарат және 25 орындық жұқпалы аурулар ауруханасы бой көтереді. Жүйке аурулар диспансері мен «Байтұрсынов» ауылдық емханасы мен Жақсықылыш дәрігерлік амбулаториясының жылу қазандықтарын газға ауыстыру жұмыстары жүргізіледі» дейді аудан басшысы.

Аудан әкімінің «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы аясында, Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес тұрғындарды қолайлы демалыс орындарымен қамтамасыз ету мақсатында өткен жылы басталған «Балықшылар аллеясына» абаттандыру жұмыстарыжалғасын тапса, «Жалаңтөс Баһадүр» алаңы абаттандырылып, пайдалануға берілді.Сондай-ақ былтыр 95 жылдығын атап өткен Арал қаласындағы 42 көшеге түнгі жарықтандыру жұмыстары жүргізілетін болады. Аймақ басшысының бастамасымен алғаш рет өткізілген«Үлгілі елді мекен» облыстық конкурсында Аманөткел ауылы «Үлгілі ауыл» номинациясы бойынша үшінші орынды жеңіп алды.

Бұл біз үшін зор мәртебе. Нәтижесінде коммуналдық саламыз әмбебап трактор техникасымен толықты. Алдағы уақытта тұрғындардың ауызбірлігі арқасында ел бесігі саналған ауылдарымыздың ажары айшықтала түсетін болады» деген сөзінен-ақ қала мен ауылдардың ажарының айшықталып келе жатқанын байқауға болады. Бұл бағытта мұнан бөлек те көптеген жұмыстар жасалуда. 

Халқытың 24,2 пайызын құрайтын жастар саясаты да назардан тыс қалмауда. Алғашқы алты айда жастар саясаты бағытында87 шара ұйымдастырылып, оған 4768 жас қатысса, жұмыспен қамту бағытындажұмыссыз ретінде 679 жас тіркелсе, оның 98-і жастар тәжірибесімен, 183-і қоғамдық жұмыстармен қамтылды. Сондай-ақ, маусымдық «Жасыл ел» еңбек жасағына 158 жас тартылды.Бұдан басқа, NEET санатындағы 153 жаспен тиімді жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде бүгінгі күні олардың саны 76-ға азайды.

Қылмыстық ахуал да қалыпты. І жартыжылдықта жүргізілген профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде тіркелген құқық бұзушылықтардың саны 44 бірлікті құрап, салыстырмалы түрде 46-ға төмендесе, жол көлік оғиғалары 31,6 пайызға азайған.

Тағы да оқыңыз: