Kyzylorda-news.kz Арал ауданында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында кезекті сенбілік жұмыстары өткізілді. Туған өлкенің тазалығы мен көркеюіне бағытталған шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, түрлі ұйым өкілдері және аудан тұрғындары белсенді қатысты.

Сенбілік барысында қоғамдық орындар, саябақтар мен скверлер, тарихи-мәдени нысандар және орталық көшелердің аумақтары тазартылып, абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, жол жиектеріндегі құм-қоқыстар тазаланып, бордюрлер әктеліп, сырланды.

Сонымен қатар, елді мекен аумағындағы ретсіз өскен өсімдіктер орылып, тұрмыстық қалдықтар мен күл-қоқыстар жиналды. Арнайы техникалардың көмегімен шығарылған қалдықтар белгіленген полигонға жеткізілді.

Осылайша тазалық шарасы аудан тұрғындарының қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, туған жердің келбетін жақсартуға өз үлесін қосты.

Арал ауданы көлемінде санитарлық тазалықты сақтау, абаттандыру және көгалдандыру бағытындағы жұмыстар алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасын табады. Сонымен бірге, тазалық жұмыстарына тұрақты бақылау жұмыстары жүргізілетін болады.

Тағы да оқыңыз: