Kyzylorda-news.kz. Қазақстан өз тәуелсіздігін алғалы бері экономикалық, әлеуметтік, саяси мәселелер бойынша ТМД елдері арасында көш басында. Бұның барлығы еліміздің қандай салада болмасын шешімдері алдымен халыққа тиімді, оның әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында жасалатынын, экономикалық жағдайды көтеруде алдыңғы қатарлы озық ойлар мен пайдалы қадамдар қабылданатынын көрсетеді. Осының арқасында елдің ішкі экономикасы тұрақты дамуда.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуы жөніндегі кеңейтілген кеңесте көтерген 8 бағытының ішіндегі қоғамдық саяси ахуалға ерекше әсер ететіні ол – бағаны тұрақтандыру, инфляцияны тежеу шаралары. Бағаны тұрақтандыру да алдын ала өз жоспарлары арқылы есептелетін елдің экономикасындағы ұтымды қадамдармен қамтамасыз етіледі. Осы орайда баға мен елдің инфляция шаралары арасындағы байланысты жүйелі түрде шешу мен баға тұрақтылығын қадағалау мемлекеттің негізгі бағыттарының біріне айналды. Бұл жұмыстар еліміздің қай аумағында болмасын күн тәртібінен түспейтін мәселенің біріне айналған.
Қазіргі уақытта республикада бағаны тұрақтандыру жұмыстары қайта қаралды. Мәселен, «айналым схемасы» шеңберінде қарыз беру бойынша тәсіл қайта форматталды – қазір тікелей өндірушілерге беріледі, тұрақтандыру қорларын қалыптастыру тетігі өзгертілді – өнімді сатып алу егін жинау кезеңінде, яғни нарықта бағалар бәсекелестік кезеңде жүреді, ал олар маусымаралық кезеңде сатылады.
Осы орайда ауданымыз 1 коммуналдық базар, 9 әлеуметтік бұрыш және 1 «Әлеуметтік дүкен» ішінде 19 түрлі негізгі азық-түлік өнімдері мен ет сатуды үйлестіріп отыр. Әлеуметтік дүкеннен көп балалы, аз қамтылған отбасылары азық-түлік алуларына мүмкіндік жасалған. Ауданға азық-түліктің басым бөлігін (ұн, күріш, қант, макарон өнімдері, өсімдік майы, картоп, жуа, сәбіз, қырыққабат), тағы басқа өнімдерді кәсіпкерлер сыртан тасымалдап әкеліп сатуда. Сол себепті дүкен бағаларында айырмашылықтар бар. Дегенмен азық-түлікпен тұрақты қамтамасыз етіп отырған кәсіпкерлерге дүкендерде өнімдерге негізсіз баға өсірмеуі жөнінде айтылып, әкімшілік жауапкершілік қаралатындығы туралы ресми ескертпе хаттар берілуде және күнделікті мониторинг шаралары жүргізілуде.
Осы атқарылған шаралардың арқасында бүгінде қоғам қажеттілігіне аса маңызды 19 азық-түлік өнімінің 4-нің ғана бағасында өсім бар. Олардың ішінде нан (5,5 теңгеге, яғни 5,8% қамбаттаған), күріш (22 теңгеге, яғни 4,1% қымбаттаған), қырыққабат (51 теңгеге, яғни 35,3% қымбаттаған), жуа (29 теңгеге, яғни 22,1% қымбаттаған) кіреді.
