Kyzylorda-news.kz. Арал ауданында көктемгі мерзімді әскери қызметке шақыру және аттандыру жұмыстары атқарылып жатыр.

Осыған орай, аудандық әскерге шақыру комиссиясының Арал ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің, аудандық полиция бөлімінің және Арал ауданы әкімі аппаратының мамандарымен құрылған мобилдік топ компьютер клубтарына, дәмхана, кафе, теннис клубтарына және де басқа жасөспірімдер көп шоғырланатын нысандарға түнгі рейд жұмыстарын жүргізілді. Бүгінге дейін 30-дан аса жасөспірімге әскерге шақыру қағазы таратылды. Нәтижесінде 14 сәуір күні 8 азамат облыстық медициналық комиссияға жолданды.

Жастарды патриотизмге тәрбиелеп, Қазақстан Республикасының әскери қатарын толықтыру мақсатында бұл жұмыстар әлі де жалғасын табатын болады.

Тағы да оқыңыз: