Kyzylorda-news.kz. Арал ауданы Қаратерең елді мекенінде жоғалып кеткен Ақтөбе қаласының тұрғыны үш күннен кейін табылды.

Облыстық өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің бастығы Нұрсұлтан Ибрагимовтің мәліметінше,  30 қазан күні таңертең аңшылар тауып алып құтқарушыларға хабар берген.

«Қызылорда облысы өрт сөндіру және авариялық-құтқару жасағынан 4 құтқарушы 1 техника шлюзден 30 км жерден іздестіру жұмыстарын жүргізді.  Аңшылар тұрағынан 8 км жерден Арго жол талғамайтын автокөлікпен аңшылар тауып алды. Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар жолдан адасқан аңшыға алғашқы медициналық және психологиялық көмек көрсетті», – дейді Нұрсұлтан Жаңабайұлы.  

Айта кетейік, бұған дейін Арал ауданындағы Қаратерең елді мекенінде 1974 жылы туған  Ақтөбе қаласының тұрғыны жоғалып кеткенін хабарлаған болатынбыз.

Тағы да оқыңыз: