Kyzylorda-news.kz. Бүгін Қызылорда облысының өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Арал ауданының әкімі Серік Сермағамбетов 6 айдың қорытындысы бойынша журналистерге баспасөз конференциясын өткізуде. 

Арал ауданында «2021-2025 жылдарға арналған Индустриялық дамытудың тұжырымдамасы» аясында ауқымды жұмыстар қолға алынған. Жалпы құны 168,7 млрд. теңгені құрайтын, іске қосылғанда мыңнан астам адамды жұмыспен қамтитын 9 жоба енгізілген болса, оның ішінде жалпы құны 3,6 млрд. теңге болатын 2 жоба іске қосылып, 268 азамат тұрақты жұмыспен қамтылды. Атап айтқанда, қуаттылығы 120 мың тонна ас тұзын өндіретін «Аралтұз» АҚ-ы мен жылдық қуаттылығы 120 мың тонна байытылған кварц құмын өндіретін «Арал кварц» ЖШС-нің жобалары тұрақты түрде жұмыс істеуде.  

Қазіргі таңда, бірыңғай индустрияландыру картасына қосымша жалпы құны 7,2 млрд. теңге болатын, іске қосылғанда 439 азаматты жұмыспен қамтитын 4 жобаны енгізу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Тағы да оқыңыз: