Kyzylorda-news.kz. Қызылорда облысы Полиция департаментінің Арал аудандық полиция бөліміне 25 қаңтар күні ауыл тұрғыны жайылымнан 2-бас сиырының ұрлағандығы туралы арызданған.

Аталған арыз бойынша полиция қызметкерлерімен атқарылған жедел-іздестіру шаралары барысында осы қылмысқа қатысты күдікті анықталып, ұсталды. Ол 35 жастағы ауыл тұрғыны болып шықты.

Айғақ зат ретінде 2 сиыры алынып, иесіне қол хат арқылы тапсырылды. Күдіктіге қатысты ІІО келу туралы міндеттеме алынды.​ ​Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-1 бабының 1-бөлігі (мал ұрлығы) сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.​

Тағы да оқыңыз: