Kyzylorda-news.kz.   Арал ауданы бойынша ауыл шаруашылығы өнімдерінің жалпы шығарылымы  2023 жылдың қаңтар-маусым айларында 3 344,2 млн. теңге болып, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 102,3 пайызға артты. 2023 жылдың қаңтар-маусым айларында аудандағы барлық нысандағы ауыл шаруашылығы құрылымдарында 61 353 бас мүйізді ірі  қара, 107 177 бас қой мен ешкі,  50 222 бас жылқы, 37 067 бас түйе және 4 362 бас құс бар. Осы малдарды өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда мүйізді ірі қара малы 100,4 пайызға, қой мен ешкі 102,6 пайызға, жылқы 111,2 пайызға, түйе 104,4 пайызға және құс  100,1  пайызға артты. Бұл туралы ауылшаруашылық бөлімінің басшысы Жәнібек Жұбанов мәлімдеді. 

Ауданда мал шаруашылығынан алынатын өнім де көбейуде.  2023 жылдың қаңтар- маусым айларының қорытындысымен ет өндіру  1 924,5 тонна, сүт өндіру 3 731,1 тонна, жұмыртқа өндіру 83,1 мың дана болып, өткен жылдың осы кезеңімен  салыстырғанда ет өндіру 102,7 пайызға, сүт өндіру 102,3  пайызға, жұмыртқа өндіру 101,1  пайызға орындалған.

Аудан аумағында балық шаруашылығы маңызы бар Кіші Арал теңізінің 18 учаскесі, Сырдария өзені және 20 көл бар. Осы теңіздің 18 учаскесімен 20 көлдің 17 көлін табиғат пайдаланушыларға ұзақ мерзімге берілген, 3 көліміз резервте.  Кіші Арал теңізінде балықтың 19 түрі мекендейді, кәсіпшілік балық аулау мақсатында балықтың 16 түрі ауланаған.  Балық аулау кезеңі ағымдағы жылдың 1 шілдесінен келесі жылдың 1 шілдесіне дейін есепке алынады, сондықтан 2022 жылдан 2023 жылға дейін, Кіші Арал теңізінен 6924 тонна, Қамыстыбас және Ақшатау көлдер жүйесіне 477 тонна, сонда аудан бойынша барлық лимит 7401 тонна болып бекітілген. Ауланған балық  жылға 6651тонна болса, өңделген балық жылға 2071тонна.

Биылғы жыл басынан бергі мәліметі бойынша 1278,9 тонна балық өнімдері экспортқа шығарылып, оның ішінде Ресей, Польша, Германия, Австрия, Венгрия, Грузия, Азербайджан елдеріне экспортталуда.  

Балық шаруашылығын дамытудың 2021-2030 жылдарға арналған өңірлік бағдарламасы бекітілген болатын. Бекітілген бағдарламада ауданға қатысты тауарлық балық өндірісін ұлғайту үшін 7 тауарлы көліміз тізімге енгізілді. Атап айтатын болсақ «Ақшатау-Сорғақ», «Домалақ», «Тұщы», «Қаракөл», «Алаша», «Ақбілек» және «Шөмішкөл» көлдері.

Қазіргі таңда осы бағдарламаны іске асыру шеңберінде тізімге енгізілген көлдердің каналдарын тазалау, қажетті жерлерге гидротехникалық құрылыстарын салу және электр желілерін жеткізу бойынша әкімдік тарапынан жұмыстар жүргізілуде. 

Мелиоративтік жұмыстар жүргізілетін көлдердің ішінен «Ақшатау-Сорғақ», «Шөмішкөл» және «Домалақ» көлдеріне құятын каналдарға гидро техникалық құрылғылардың құрылысы салынатын жерлері анықталып координаттары алынды. Аудандық бюджеттен 1,5 млннан астам қаржы бөлініп, тиісті құжаттары рәсімделді. Одан әрі кезең кезеңмен шаруашылық құқығындағы табиғат мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынына өткізілді уақытша мерзімге.

Қызылорда облысында балық шаруашылығын дамыту үшін, 45 су айдындарының ішінде Арал ауданына қатысты «Ақшатау-Сорғақ», «Қаракөл», «Алаша», «Тұщы», «Домалақ», «Шөмішкөл» және «Ақбілек» көлдеріне жобалау сметалық құжаттарын әзірлеу және электр желілерін жүргізу бойынша жауаптылық жүктелген.

Тізімге енгізілген 7 көлге ЖСҚ (жобалау сметалық құжаттарын) әзірлеу және электр желілерін жүргізуге байланысты, жобалау іздестіру жұмыстары (ПИР) жүргізілді.

2023 жылға аудан бойынша барлығы 1500 гектар жерге егіс егуді межеледік. Оның ішінде: 21 гектар картоп, 87 гектар көкөніс, 342 гектар бақша, 238 гектар ескі жоңышқа, 460 гектар жаңа жоңышқа және  352 гектар басқа дақыл түрлері.

Бүгінгі күнге, жеке, заңды және шаруа қожалықтары бойынша барлығы 1010,3 гектар жерге түрлі ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылды. Атап айтқанда: 22,9  га картоп, 99,15 га көкөніс, 363,77 га бақша, 177,25 га ескі жоңышқа және 347,25  га жаңа жоңышқа дақылдары. 

Осы егілген егістің 689,7 га шаруа қожалықтарында, 105,9га заңды тұлғаларда және 214,72га жеке қожалықтарына тиесілі.
Ауданда егін егуді қолға алу, өз-өзімізді ішкі өніммен қамтамасыз ету бойынша Арал ауданына 76 гектар жерге егін  отырғызу межесі толығымен орындалды.

Сонымен қатар, 489,7 гектар жерге күздік дақылдар орналастырылатын болады.  
2023 жылға вегетациялық кезеңін нәтижелі өткізу және ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді сумен қамтамасыз ету үшін егіс егетін ауыл шаруашылығы құрылымдарына суды тиімді пайдалану, суды аз қажет ететін дақылдарға көшу, суды аз қажет ететін технологияларды пайдалану, оның ішінде: жаңбырлатып суару, тамшылатып суару, насоспен суару және кезектестіріп суару бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Сондай-ақ, өз-өзімізді азық-түлік өнімдерімен және мал азықтық шөппен қамтамасыз ету үшін 2023 жылға егістік жерлерді ұлғайту бойынша Ақирек, Аманөткел, Қосжар және Қаратерең ауылдық округтерінің жер учаскелеріне далалық өлшеу жұмыстары жүргізіліп, конкурс тәсілімен жалпы көлемі 774 гектар жер учаскелері шаруашылықтарға табысталды.

"Дипломмен ауылға!" бағдарламасы бойынша 2023 жылы ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген мамандарға бір жолғы көтерме жәрдемақы алуға 11730,0 мың теңге қаржы бөлініп 34 маманға әлеуметтік қолдау шаралары ұсынылды.
Тұрғын үй сатып алуға бюджеттік кредит рәсімдеуге 12 маманға 62100,0 мың теңге қаржы бөлініп, қаржылық жоспарға сәйкес бюджеттік кредит ұсыну маусым айына жоспарланған.

Арал аудандық ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінде 2023 жылдың 6 ай бойынша бір қатар жұмыстар атқарылды. Бөлімнен жыл басынан бері барлығы 199 жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы бұйрықтар қабылданды, 34 азаматтың тұрғын үйінің жер учаскесін бөлу туралы бұйрық, 7 азаматтың жер учаскелерін біріктіру туралы бұйрық, жер учаскесінің бөлінетіндігін айқындау туралы 4 бұйрық қабылданды, 51 жеке және заңды тұлғалардың жер учаскесін сату - сатып алу шартын және 119 жер учаскесін жалға беру шартын жасап беруді сұраған. Бөлім арқылы 2023 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері конкурсқа шығару мақсатында жерге орналастыру жобаларын дайындау үшін аудандық бюджеттен 5141,0 мың теңге бөлініп, аудан бойынша 2023 жылы ауыл шаруашылығы айналымына өлшеу жұмыстары жүргізілуде.2023 жыл басынан 5 рет аудандық жер бөлу комиссиясы отырысы болып,  барлығы 295 жер сұраған жеке және заңды тұлғалардың  өтініштері мен хаттары қаралып, оның ішінде: 220 өтініш оң қорытындысын алса, әр түрлі себептермен 75  азаматтардың өтініштерін қанағаттандырудан бас тартылса, 246 өтініш есепке алынды.

Тағы да оқыңыз: