Kyzylorda-news.kz Арал ауданы, Жаңақұрылыс ауылында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» аумақтық коалициясы тұрғындармен  кездесу ұйымдастырып, жаңа Конституция жобасының мәнін жан-жақты түсіндірді.

Кездесудің басты мақсаты – жаңа Конституция жобасының елдің саяси тұрақтылығы мен әлеуметтік дамуына әсерін көрсету және алдағы республикалық референдумның тарихи маңызын түсіндіру болды.

Коалиция жетекшісі тұрғындарға жаңа Конституцияның елдің заман талабына сай жаңғыруына, ауылдық жерлерді дамытуға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен әділдігін арттыруға қалай ықпал ететінін егжей-тегжейлі түсіндірді.

Коалиция мүшелері жаңа Конституцияның басты басымдығы – адамға бағдарлану екенін атап өтті. Преамбулада адам құқықтары мен бостандықтары алғаш рет мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде белгіленіп, мемлекеттік биліктің қайнар көзі – Қазақстан халқы екені нақты көрсетілген. Бұл ұстаным бүкіл Конституцияның мазмұны мен бағытын айқындайды.

Жаңа Конституция жобасы 2.jpg

Тағы да оқыңыз: