Kyzylorda-news.kz.  Арал теңізінің мәселесіне Қазақстанға ғана емес, бүкіл әлем алаңдаулы. Теңіздің тартылуы салдарынан жыл сайын 75 миллион тоннаға дейін шаң мен улы тұзды жел көтеріп, оның тозаңы қазірдің өзінде Еуропа мен Антарктидадан табылған.

Бүгінгі күні қоршаған ортаны ұшқан тұз бен құм көшкіндерінен сақтайтын бірден бір амал фитоорманмелиорациялық жұмыстарын жүргізу екені тәжірибелер дәлелдеуде.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасы Президент Арал теңізінің құрғаған ұлтанына 1,1 млн га фитоорманмелиорациялық жұмыстар жүргізу жөніндегі тапсырмасы өз деңгейінде жүзеге асуда. Сонымен қатар, Арал теңізінің құрғаған ұлтанында орман өсіру жұмыстарына өзге елдерден донорлар тарту бағытында да тиісті шаралар жалғасып жатыр.

Осы бағытта, ҚР Экология, Геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің ұйымдастыруымен AfoCO (Азия орман ынтымақтастығы ұйымы) делегациясының директорының орынбасары Джин Сунпиль және AFoCO ұйымының ғылыми зерттеушісі Тхан Конг облыстағы іс-сапары аясында Арал теңізінің құрғаған ұлтанындағы атқарылған жұмыстарды көріп, Арал, Қазалы, Қармақшы орман шаруашылығы мекемелерінің материалдық-техникалық базасымен танысты.

Ұйым өкілдері Арал теңізінің құрғаған ұлтанында атқарылған жұмыстарға оң баға беріп, алдағы уақытта жаңа жоба бойынша жұмыс жасауға ниетті екенін білдірді.

Тағы да оқыңыз: