Kyzylorda-news.kz Арал және Қазалы аудандарының 160 мыңнан астам тұрғынын ауызсумен қамтамасыз етіп отырған Арал-Сарыбұлақ топтық су құбырының екінші тармағын салу жұмыстары жалғасуда.

Ұзындығы 238 шақырымды құрайтын жобаның жалпы құны 43,7 млрд теңгені құрайды. Жобаны іске асыру нәтижесінде өңір тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар одан әрі жалғасын табады.

2025 жылы республикалық бюджеттен 5,5 млрд теңге бөлініп, нәтижесінде 23 шақырым су құбырының құрылысы аяқталды. Ал 2026 жылы құрылыс жұмыстарын жалғастыруға 2,5 млрд теңге қарастырылып, 10 шақырым су құбыры тартылды.

Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Инфрақұрылымды дамыту қорынан бөлінген 20,5 млрд теңге есебінен 121 шақырым су құбырының құрылысы жүргізілуде.

Ауқымды жоба толық жүзеге асқан жағдайда Арал және Қазалы аудандары тұрғындарын тұрақты әрі сапалы ауызсумен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жандана түспек. 

Арал-Сарыбұлақ топтық су құбыры.jpg

Тағы да оқыңыз: