Kyzylorda-news.kz Арал ауданының электр инфрақұрылымын жаңғырту және электрмен жабдықтау сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Арал қаласының ескірген электр желілерін жаңғырту жұмыстары аяқталуға жақын. Бұл – электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттырып, тұрғындарға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Бүгінде Шижаға елді мекеніндегі электр желілерінің құрылысы толық аяқталды. Сексеуіл кентінде электр желілерін кеңейту және жаңадан ашылған мөлтек ауданға желі тарту жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Нысанды жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланып отыр.

Ал Абай, Қаратерең, Аралқұм, Қамыстыбас және Аманөткел елді мекендерінің электр желілерін жаңғырту жобалары әзірленіп, сараптамадан өткізіліп, қаржыландыруға ұсынылды.

Бұл жұмыстардың барлығы – елді мекендердегі электрмен жабдықтаудың тұрақтылығын қамтамасыз етіп, тұрғындарға қолайлы жағдай қалыптастыруға бағытталған. Жаңарған желі – тұрақты жарық, жайлы тұрмыс және елді мекендердің сенімді инфрақұрылымы.

Арал электр желілері жаңғыртылуда.jpg

Тағы да оқыңыз: