Kyzylorda-news.kz Жыл басынан бері Арал ауданында денсаулық сақтау сала бойынша бірқатар жұмыстар атқарылуда. Солардың ішінде орталық аурухана жанынан 17 төсектік нейро-инсульт, 35 төсектік кардиология бөлімшелеріне арналған жапсаржай құрылысы аяқталғанын айтуға болады.
Жыл соңына дейін аталған орталықты МРТ және ангиограф қондырғыларымен жабдықтау жоспарлануда. Сонымен қатар тозығы жеткен жұқпалы аурулар бөлімшесінің де жаңа ғимараты толықтай салынып, осы жылдың басында пайдалануға берілді.
Оған қоса, Арал қаласының Шанхай, Жаңауыл мөлтек аудандарынан тәулігіне 250 келушіге арналған емхана құрылысының жоба-сметалық құжаттамасы әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілді.
Жобаны қаржыландыру бойынша тиісті салалық министрліктермен келісім жасалды. Қазіргі да аталған жоба қолдау тауып, мемлекеттік сатып алу жұмыстары жүргізілуде.
Сурет: Нұрболат Нұржаубай
